Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Мемелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс «Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөз сөйледі

Президент өз сөзінде барлық маңызды сәттерді атап өтті: еліміздің экономикалық, қоғамдық және әлеуметтік дамуы, сондай-ақ бірқатар маңызды бастамалар мен ұсыныстарды айтты.

Президент халқымыздың бірлігін сақтау мен нығайтуды ең маңызды деп санайды. Оның пікірінше бұл істе зиялы қауым ерекше рөл атқарды.

Президент сондай-ақ, барлық қазақстандықтардың имиджін айқындауға тиісті негізгі құндылықтар мен қағидаттарды атап өтті. Бұл патриотизм мен тәуелсіздік, ұлт бірлігі мен қоғамдағы әділеттілік, заң мен тәртіп, кәсібилік пен еңбекқорлық, білім мен жасампаздық. Президенттің айтуынша, осы идеялық негізге сүйене отырып, біздің еліміз ХХІ ғасырда лайықты орын ала алады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы, қазақ тілін қолдану аясын кеңейту болып табылады. Жыл сайын бизнес, техника және ғылым тіліне айналатын қазақ тіліне деген сұраныс артып келеді.

Қазақстан -Неміс университетінің профессор-оқытушылар құрамы Президенттің білім берудің маңыздылығы туралы сөздерін ерекше атап өтті. Президент «прогрессивті «мемлекет құру үшін біздің азаматтарымыз жасампаздық пен инновациялық ойлауды жүзеге асыруы қажет. Сондықтан біз қоғамда білім культін жүйелі түрде тамырлап, білім мен ғылымды дәйекті түрде дамытамыз. Адами капиталға сүйене отырып, біз көздеген барлық ауқымды өзгерістерді жүзеге асыра аламыз» деді өз сөзінде.

Қазақстан-Неміс университетінің ұжымы Президенттің Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға және елдің ауқымды, оң әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бағытын толық қолдайды.

Бөлісу