Халықаралық кеңсе

Қазақстанға қош келдіңіз!

Біз Халықаралық Жаздық Университеттің қатысушылары мен шетелдік студенттерді көргенімізге қуаныштымыз! Егер сіз Қазақстанда оқу семестрін өткізуді, жоғары білім алуды, тағылымдамадан өтуді немесе ғылыми зерттеу жұмысымен айналысуды жоспарлаған болсаңыз, онда ҚНУ есіктері сіз үшін ашық! Сізді Қазақстанның білім беру жүйесі мен Орталық Азия мәдениетіне қызықты саяхат күтіп тұр.

Біздің университеттің халықаралық бөлімі ҚНУ-да оқу талаптары туралы, оқуға түсу шарттары (визалар, тіркеу, сақтандыру) және тілдік курстар жөнінде толық ақпарат береді. Қажет болған жағдайда Алматыда тұрғын үй іздестіруге көмектесеміз.