Менеджмент

5В050700

Факультет Экономикалық ғылымдар

ҰБТ/КТ–ға бейіндік пәндер: математика мен география

«Қос диплом» бағдарламасы бойынша ҚНУ-дың Германиядағы серіктес жоғары оқу орын:

University of Applied Sciences Mittweida

Бағдарлама кәсіпорынның тұрақты түрде қызмет етуін, табысы мен бәсекелестік қабілетінің өсуін қамтамасыз ететін мамандарды дайындайды. Менеджер кәсіпорын қызметкерлері жұмысының тиімділігін арттыру, тауарлар мен қызмет көрсету сапасын жақсартуға жауап береді. Сіз заманауи әдістер мен компьютерлік технологияларға негізделген кәсіпкерлік пен бизнесті басқару дағдылары мен білім аласыз.

Біздің студенттеріміз үздік еуропалық құзіреттіліктерге қол жеткізеді, өйткені бейіндік пәндерді Германиядан шақыртылған доценттер жүргізеді.

Оқуға түсу талаптары

Модульдер:

  • Менеджмент және халықаралық бизнес
  • Кәсіпорындарды интернационалдандыру
  • Бизнес пен кәсіпкерлік
  • Басқарудағы ақпараттық технологиялар
  • Бизнестегі стратегиялық басқару

«Projekt-management» дайындығының бағыты
«Risk-management» дайындығының бағыты
«HR-management» дайындығының бағыты
«Сатылымдар және логистика» дайындығының бағыты

Мансап

Біздің түлектеріміздің жоғары білім деңгейі мен екі шет тілін меңгеруі түрлі деңгейдегі басшылық қызметте жұмыс істеуге мүмкіндік береді:

  • халықаралық компанияларда;
  • бірлескен және сыртқы сауда кәсіпорындарында;
  • консалтингтік компанияларда;
  • жеке бизнесте;
  • жоба қызметінде.

Оқытушылар

Azhibaeva Assel Auesovna

Dr. oec., Dozent, Dekanin der Fakultät Wirtschaftswissenschaften

Perschina Irina Borisovna

Dozent

Hammer, Heinrich Otto

Prof. Dipl.-Volkswirt

  • Германиядан оқытушылар

    ҚНУ-да Қазақстаннан ешқайда шықпай-ақ, Германиядан шақыртылған оқытушылардан білім аласыз.

  • Оқуды шетелде жалғастыру

    Германияда іс-тәжірибе мен тағылымдамадан өту мүмкіндігінің болуы, ал бакалавриатты аяқтағаннан кейін сол жерде не басқа елдерде оқуды жалғастыру.

Сұрақтарыңыз бар ма?