Сурақтар мен жауаптар

Егер сіз неміс тілін білмейтін болсаңыз, оқуға түсерде ағылшын тілін мектеп бағдарламасы деңгейінде білуіңіз қажет (Intermediate/B1 деңгейі). Алайда неміс тілін білгеніңіз құпталады. ҰБТ-да 75 балл және ҚНУ-дың ішкі түсу емтихандарында 50%-дан кем балл жинамаған әрі Deutsches Sprachdiplom (B2, C1) бар студенттер оқудың бірінші жылында оқу ақысының 25% көлемінде шәкіртақы алады.

Иә, ҰБТ/ТКТ емтихандарын тапсыру біздің университетке түсудің міндетті шарты.

Оқуға түсу үшін ҚР Білім Министрлігі (ҚР ҒжБ) бекітетін шектік баллды жинауыңыз қажет. 2018 жылы шектік балл — 50 балл болып бекітілген.

Ішкі түсу емтихандары екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - математикадан, Қазақстан тарихынан, дүниежүзі тарихынан, экономика мен шетел тілінен (ағылшын тілі немесе/не неміс тілі) это компьютерлік тестілеу. Келесі күні сіз қабылдау комиссиясының үш бөлімнен тұратын сұхбатынан өтуіңіз қажет: уәждеме, болашақ мамандығыңыз туралы түсінік және шет тілінде әңгімелесу.

Сұқбат өткізілген күні кешке Қабылдау комиссиясының шешімін білесіз.

Жоқ, ішкі түсу емтихандарын бір рет қана тапсыруға рұқсат беріледі.

Ішкі түсу емтихандары наурыздан бастап әр ай сайын өткізіледі. Емтихан тапсыру уақытын дайындығыңызға қарай өзіңіз таңдайсыз.

Емтихандардың кез келген кезеңіндегі барлық тапсырмалар күрделілігі жағынан бір деңгейде, сондықтан қашан тапсырғандығы маңызды емес.

— Маркетинг — математика мен география

— Қаржы — математика мен география

— Менеджмент — математика мен география

— Логистика — математика мен география

— Экономикадағы ақпараттық инжиниринг — математика мен физика

— Телематика — математика мен физика

— Mobile computing — математика мен физика

— Энергетикалық және экологиялық техника — математика мен физика

— Халықаралық қатынастар — ағылшын немесе неміс тілі және тарих

Иә, ҚНУ-да дәмді тамақтануға болатын әрі қымбат емес студенттік асхана бар.

— Орта білімі туралы қосымшасымен аттестат (немесе колледж дипломы);
— ҰБТ/ТКТ-дан өткендігі туралы сертификат;
— Жеке куәлігінің көшірмесі;
— Флюорография суретімен 086-У нысанындағы медициналық анықтама (міндетті түрде пленкадағы нұсқасы);
— 063 нысанындағы егу картасының көшірмесі;
— 3×4 фотосурет (6 дана);
— Түйіндеме;
— Әскери бөлімнен тіркелу туралы куәлігі (жігіттер үшін).

Мектепті бітіруге дейін ішкі оқуға түсу емтихандарын тапсыруда директордың мөрі мен қолы қойылып куәландырылған 11 сынып табелінің көшірмесін ұсыну қажет (екі жағынан). Колледж оқушылары үшін — директордың мөрі мен қолы қойылып куәландырылған сынақ кітапшасының көшірмесі немесе транскрипті.

Оқу төлемдері 2 жылға бекітіледі. 3-інші курстан бастап оқу ақысы еліміздің экономикалық жағдайының өзгеруіне байланысты көп дегенде 20% өсуі мүмкін.

1-інші және 2-інші курстарда оқу орыс тілінде жүреді.3-інші және 4-інші курстарда дәрістерді неміс және ағылшын тілдерінде Германиядан шақыртылған профессорлар мен доценттер жүргізеді.

Қазіргі таңда ҚНУ-да Қазақстаннан 80 доцент пен профессор сабақ береді. Бұдан басқа, жыл сайын біздің университетте немістің серіктес ЖОО-ның 35 профессоры, сондай-ақ Қазақстандағы неміс компанияларының өкілдері дәріс оқиды. Ұзақ мерзімді доценттік қызметте 4 профессор жұмыс істейді.

3-інші курсты аяқтағаннан кейін үлгерімі жақсы, неміс тілін білетін студенттер Германияда серіктес ЖОО-ның бірінде соңғы курстағы оқуларын жалғастыра алады. Алмасу бағдарламасы «Қос диплом» деп аталады, студенттер неміс дипломын да, сондай-ақ ҚНУ дипломын да алады. Бакалавр- түлектер немістің не өзге де шетелдік ЖОО-ның бірінің магистратурасына түсе алады.

ҚНУ дипломы — мемлекеттік үлгіде және Қазақстанда заңды деп танылады. Алайда үлгерімі жақсы, неміс тілін білетін біздің университеттің студенттері ҚНУ-да 3-інші курсты аяқтағаннан кейін Германиядағы серіктес ЖОО-ның бірінде оқуын жалғастырып, 4-інші курсты бітіргеннен кейін неміс ЖОО-ның бакалавр дипломын алады.

ҚНУ студенттері іс-тәжірибеден өте алатын қазақстандық және шетелдің компанияларымен, кәсіпорындарымен, оның ішінде немістің де компанияларымен серіктестік қарым-қатынас жасайды. Жыл сайын компаниялар тізімі көбеюде. Студенттермен таныстыру үшін серіктес компаниялар дөңгелек үстелдерге, ашық кездесулерге және ҚНУ-да жыл сайын өтетін бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақыртылады.

ҚНУ студенттеріне де, түлектеріне де кәсіби болашағын жоспарлауда көмектеседі. Студенттер алдын ала керекті және пайдалы контактілерді білуге септігі тиетін серіктес компанияларға саяхаттар жасап, осы компания өкілдерімен ашық кездесулер мен шеберлік сыныптарын ұйымдастырамыз. Түлектер осы күні өзекті деген бос жұмыс орындары, сондай-ақ жас мамандарға арналған бағдарламалар туралы ақпарат алады.