Оқуға түсу талаптары

ҚНУ-дың магистратурасына түсу үшін:

  • Қабылдау комиссиясына құжаттардың толық пакетін тапсыру;
  • ҚР білім және ғылым Министрлігімен бекітілген магистратураға түсуге арналған ағылшын тілі бойынша емтихан тапсыру;
  • ҚНУ-да мамандық бойынша түсу емтиханын тапсыру;
  • ҚНУ-да ағылшын тілін білуі жөнінде тестілеу мен сұқбаттасудан өту;
  • Қалауы бойынша Германия Академиялық Алмасу Қызметінің шәкіртақысын алуға өтініш жазу (оқу ақысының ішінара ақшалай төлемақысы) қажет.

Магистратураға түсуге өтініштер 2017 жылдың шілде айының 10 мен 31-і арасында қабылданады.

Магистратураға түсу үшін құжаттар жиынтығы:

  • Диплом түпнұсқасы қосымшасымен (өзімен бірге білімі туралы құжаттарының көшірмесі болуы қажет);
  • Медициналық анықтама 086-У (флюорография суретімен қоса);
  • Жеке куәлік көшірмесі;
  • Фотосурет 3*4 (6 дана);
  • Түйіндеме (қысқаша өмірбаяны);
  • Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі;
  • Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс қағазы немесе еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі (бар болса);
  • Тіркеу куәлігінің/әскери билеттің көшірмесі (ер адамдар үшін);
  • ҚР БжҒМ шет тілдері бойынша емтихан тапсыру үшін төлем жасағаны туралы түбіртек немесе ағылшын тілінен TOEFL (шектік балл — 560-тан кем емес), IELTS (шектік балл — 6.0-ден кем емес) бағдарламалары бойынша тест тапсырғаны жөніндегі сертификат көшірмесі;
  • Мекенжай анықтамасы;
  • Мамандық бойынша эссе.

Оқу мен түсу емтихандары туралы барынша толық ақпаратты ҚНУ-дың Қабылдау комиссиясынан ала аласыз:
Тел.: + 7 7272 355-05-51 (ішкі 229)
Email: admission@dku.kz, marketing@dku.kz