Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Институт туралы

Қазақстан-Неміс университетінің (ҚНУ) жанындаағы халықаралық және аймақтық ынтымақтастық Институты 2015 жылдың қаңтарында құрылған.

ХАжЫИ өз қызметінде екі бағытты ұстанады:

  1. Қазақстан Республикасы, Орталық Азия, Еуропалық Одақ, сондай ақ Азия елдерінің сыртқы және аймақтық саясаты мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер ұйымдастыру;
  2. ХАжЫИ ғалымдары мен халықаралық, аймақтық және қазақстандық ғылыми ұйымдардың сарапшылары арасында ғылыми байланыстарды дамыту.

Институт Қызметі ҚР мен шетелдердің сыртқы саясаты мен халықаралық ынтымақтастық мәселелерін зерттеу болып табылады. Оның ішінде әлеуметтік экономикалық өзара әрекеттесу мәселелері, су және энергетикалық ресурстарды пайдалану, көлік-коммуникативтік, аграрлық-ауыл шаруашылық, экологиялық, мәдени-гуманитарлық мәселелер, сондай-ақ көші-қон саясаты.

Біз ұдайы түрде халықаралық және ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткіземіз. Ғылыми зерттеу жұмыстарына оқытушылар, сондай-ақ Институт жанында диплом алды тәжірибеден өту мүмкіндіктері бар ҚНУ студенттері де белсенді ат салысады.