Логистика

5В090900

Факультет Инженерлік-экономикалық ғылымдар

ҰБТ/КТ–ға бейіндік пәндер: математика мен физика

«Қос диплом» бағдарламасы бойынша ҚНУ-дың Германиядағы серіктес жоғары оқу орын:

Technical University of Applied Sciences Wildau

Бұл білім беру бағдарламасы аясында құқықтану, экономика, математика, ақпараттық технологиялар саласында білімі бар жоғары білікті мамандар дайындаймыз. Логистиканың бейіндік саласы жүк жеткізудің барлық кезеңдерін қамтиды: жеткізу схемасын жасау, есептеулер, көлік қызметтері нарығын талдау мен сенімді серіктестер іздеу, тауарды жеткізу және оны қаттау, сондай-ақ құжат айналымы.

«Логистика» бағдарламасын таңдап, сіз «Көлік логистикасы» немесе «Өндірістік логистика» сияқты мамандандырудың біреуін игере аласыз. Біздің түлектеріміздің үлкен басымдығы мемлекеттік тілді, неміс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруі болып табылады. Бейіндік пәндерді Германиядан шақыртылған доценттер жүргізеді.

Оқуға түсу талаптары

Модульдер:

  • Логистикадағы экономикалық аспектілер
  • Логистика негіздері және логистикалық процестерді көлік-ақпараттық қамсыздандыру
  • Логистикалық менеджмент
  • Логистикадағы нормативтік-құқықтық аспектілер
  • Логистикадағы ақпараттық ресурстарды басқару
  • Сыртқы экономикалық қызметті көлікпен қамтамасыз ету
  • Ішкі бақылау, аудит және тәуекелді бағалау

Мансап

«Логистика» бағдарламасының түлектері түрлі қызмет көрсету салаларындағы компанияларға жұмысқа орналаса алады:

  • Өндірістік кәсіпорындар;
  • Көп бөлімшелі компанияларда;
  • Сауда компаниялары;
  • Ірі желілі дүкендер;
  • Көтерме және логистикалық орталықтар;
  • Көлік компаниялары.

Оқытушылар

Kegenbekov Zhandos Kadyrchanovitsch

Dr. techn. Dozent, Dekan der Fakultät

Kulymbaeva Marzhan Scholpankulovna

Dr. rer. nat. Dozent

  • Германиядан оқытушылар

    ҚНУ-да Қазақстаннан ешқайда шықпай-ақ, Германиядан шақыртылған оқытушылардан білім аласыз.

  • Оқуды шетелде жалғастыру

    Германияда іс-тәжірибе мен тағылымдамадан өту мүмкіндігінің болуы, ал бакалавриатты аяқтағаннан кейін сол жерде не басқа елдерде оқуды жалғастыру.

Сұрақтарыңыз бар ма?