Тарих

Қазақстан-Неміс Университеті 1999 жылы жеке бастамамен неміс стандарты бойынша мамандар даярлау мақсатымен құрылған. Күні бүгінге дейін ҚНУ Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз неміс жоғары оқу орны болып табылады.

Университеттің 2004 жылы ҚР білім және ғылым Министрлігінің, сондай-ақ Германия Академиялық Алмасу Қызметінің аттестациясынан табысты өтуі ҚНУ-дың білім сапасының жоғары екендігін көрсетеді. Осы уақытта неміс оқу бағдарламалары бойынша оқытуға ҚР БжҒМ арнайы рұқсатын алдық.

Үш жыл өткеннен кейін, 2007 жылы бірінші курстың жиырма студенті неміс стандартына сәйкес инновациялық мамандықтар бойынша білім ала бастады. Бұған осының алдында жүргізілген үлкен жұмыс пен ҚР БжҒМ мен ГФР сыртқы істер Министрлігі арасында жасалған ҚНУ-ға екі мемлекет тарапынан қарқынды қолдау көрсету туралы Келісімге қол қойылуы болатын.

2008 жылы Германияның Федералды президенті Хорст Келердің ҚНУ-ға ресми сапары кезінде Германия мен Қазақстанның ҚНУ инфрақұрылымын жетілдірілу үшін тығыз ынтымақтастық жасау туралы Келісімге қол қойылды. Сондай-ақ біз Миттвайда Жоғары Мектебімен, Шмалькальден Жоғары Мектебімен және Вильдау Жоғары Мектебімен емтихан нәтижелерін екі жақты мойындау және осыған сәйкес үздік студенттердің Германияда да, Қазақстанда да бакалавр дипломын алуы туралы келісімге қол жеткіздік. 2012 жылы Германияда білім алған «Қос диплом» бағдарламасының алғашқы түлектерін қарсы алдық.

2009 және 2014 жылдары ҚР БжҒМ аттестациясынан табысты өтті.

2014 жылы ҚНУ НКАОКО агенттігінің, ал 2015 жылы — ACQUIN (Германия) аккредитациялау, сертификаттау және сапалық қамту Институты аккредитациясына қол жеткізді.

Біз өзіміздің білім беру бағдарламаларымызды үздіксіз жетілдіреміз және студенттеріміздің ҚНУ-дан алған білімдері олардың табысты мансап жолының іргетасы болуы мүмкіндіктерін кеңейтеміз.