Оқу бағасы

2018−2019 оқу жылына ҚНУда оқу бағасы:
Бакалавриат 850 000 теңге
Магистратура 900 000 теңге

Гранттар
Бакалавриатқа түсуге ниет білдірген талапкерлер ҚР БжҒ Министрлігінің мемлекеттік білім беру гранттарына үміткер бола алады. Бұл гранттар нақты бір мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқыту формасы бойынша ұлттық бірыңғай тестілеу не кешенді тестілеу нәтижелеріне сәйкес конкурстық негізде тағайындалады.
ҚР БжҒ Министрлігінің грантын алу конкурсына қатысу үшін кез келген ЖОО- ның Қабылдау комиссиясына өтініш беріп, университтеттер тізімінде ҚНУ-ды бірінші етіп белгілеу қажет. Біздің код — 082.

Шәкіртақылар
ҚНУ-дың 30% астам дарынды студенттері жыл сайын ҚНУ серіктестерінен қаржыландыру түрінде неміс ұйымдарынан шәкіртақылар алады.
Шәкіртақы бір оқу жылына беріледі. Жоғары деңгейде оқуын жалғастырып жатқан студенттер жеңілдікті әрі қарай да алу мүмкіндігін сақтап қалады.


Шәкіртақылар түрлері:

  • DAAD Германия академиялық алмасу қызметінің қаржылық қолдауымен жоғары академиялық жетістіктері үшін берілетін оқуға шәкіртақылар;
  • DAAD Германия академиялық алмасу қызметінің, CAREC және Германия сыртқы істер Министрлігінің қаржылық қолдауымен «Су ресурстарын интегралды басқару» магистрлік бағдарламасының студенттері үшін оқуға шәкіртақылар;
  • Алматыдағы Германияның Бас консулдығының қаржылық қолдауымен неміс азшылық ұлтына жататын студенттердің оқуына шәкіртақылар;
  • DeutschesSprachdiplom (B2, C1) бар және ҰБТ 75 баллдан артық және ҚНУдың түсу емтихандарында 50% кем емес балл жинаған талапкерлер оқудың бірінші жылында 25% көлеміндегі шәкіртақы алады.
  • Тестілеу нәтижелері үздік және жақсы нәтижелер көрсеткен өзге қалалардан және Орталық Азия елдерінен келген студенттерге Алматыда тұруға ай сайынғы шәкіртақы тағайындалады.

Жоғары оқу орнының басқарушыларымен жыл сайын тағайындалатын шәкіртақылар беру талаптары мен ережелері «Қазақстан-Неміс Университетінде шәкіртақылар беру тәртібі туралы» Ережесінде анықталады. Шәкіртақыларды бөлу арнайы комиссиямен жүзеге асырылады.