Жылу энергетикасы

5В071700

Факультет Инженерлік-экономикалық ғылымдар

ҰБТ/КТ–ға бейіндік пәндер: математика мен физика

«Қос диплом» бағдарламасы бойынша ҚНУ-дың Германиядағы серіктес жоғары оқу орын:

University of Applied Sciences Hamburg

«Энергетикалық және экологиялық техника» білім беру бағдарламасы

Қазақстанда табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған экономиканың жаңа түрі белсенді даму үстінде.

Бұл тәсілдің негізінде энергетикалық ресурстарды пайдалануды азайту идеясы жатыр. Бұл тренд экологиялық және энергетикалық техника саласындағы мамандарға сұраныс туғызады.

Біздің университетте білім алушыларға немістің ноу-хауына негізделген, қоршаған ортаны қорғау бойынша білім мен заманауи технологиялар шоғыры қол жетімді.

Студенттер курс аясында жобалау бойынша, энергетикалық және экологиялық құрал жабдықты пайдалану, энергия үнемдеу мен жаңа технологияларды енгізу бойынша білім алады. Оларға пайдаланылған су және өнеркәсіптік қалдықтар, тұрмыстық қоқысты қайта пайдалану мен өңдеу әдістері қолжетімді болады. Сонымен қатар, студенттер экономика, сондай-ақ экологиялық және энергетикалық менеджмент негіздерімен қаруланады.

Біздің университетте студенттер алған білімдерін тәжірибеде іске асыра алатын немістің заманауи зертханасы жұмыс істейді.

ҚНУ-дың маңызды басымдығы — бейіндік пәндерді Германиядан шақыртылған доценттер жүргізеді.

Оқуға түсу талаптары

Модульдер:

  • Жылу техникасы
  • Электротехника мен электроника
  • Энергетикалық жүйелер мен экологиялық менеджмент
  • Су өңдеу, шығындарды сақтауға беру және қайта өңдеу
  • Энергетикалық құрал-жабдық
  • Энергияның қалпына келетін көздері

Мансап

Бұл бағдарламаның түлектері жылу энергетикасы саласында қажетті дағды, біліммен қаруланған, сондай-ақ екі тіл меңгерген. Олар мынадай бағыттарда қызмет ете алады:

  • өнеркәсіптік компанияларда энергетик немесе эколог;
  • қалпына келетін энергия көздерін қолдану және оларды дербес немесе орталықтанған жүйеге қосу бойынша маман;
  • су мен ауа сапасын анықтауға арналған өлшеуіш техника бойынша маман;
  • консалтингтік қызмет.

Шетелдік оқытушылар

Beyer, Falk

Prof. Dr.-Ing.

  • Германиядан оқытушылар

    ҚНУ-да Қазақстаннан ешқайда шықпай-ақ, Германиядан шақыртылған оқытушылардан білім аласыз.

  • Оқуды шетелде жалғастыру

    Германияда іс-тәжірибе мен тағылымдамадан өту мүмкіндігінің болуы, ал бакалавриатты аяқтағаннан кейін сол жерде не басқа елдерде оқуды жалғастыру.

Сұрақтарыңыз бар ма?