Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Events

Студенттік өмір жарқын әрі мазмұнды болуы тиіс. DKU-дың - StuRa Студенттік кеңесі дәл осы қағиданы ұстанады. Біздің әрбір жасаған іс-шараларымыздың артында StuRaның мүше студенттерінің ауқымды әрі жауапты жұмысы тұрғандықтан, бұл туралы толық айтқымыз келеді:

Талапкерлерге арналған табиғатқа шығу
Өтетін уақыты: жыл сайын, тамыз айының соңында.
Іс-шараның мақсаты талапкерлерді бір-бірімен және студенттік кеңестің қатысушыларымен таныстыруға бағытталған. Бұл бірінші курстың студенттерінің өміріндегі маңызды оқиға әрі студенттік ортаға стресс, толқыныссыз біте қайнасып араласып кетудің тиімді тәсілі. Болашақ студенттер табиғат аясындағы ойындарға белсене қатысып, жағымды ортада танысып, араласады.

Студенттер қатарына қабылдау кеші
Өткізілетін уақыты: қыркүйектің аяғы — қазанның басы
Әр студенттің өміріндегі маңызды әрі толқынысқа толы — алғашқы ресми студенттік мереке. Би, конкурстар, ең бастысы StuRa қолдауымен бірінші курстың студенттері өз таланттарын ортаға салатын концерттік номерлері бар көңілді мәдени бағдарлама.

Хэллоуин
Өткізілетін уақыты: 31 қазан — 3 қараша
Барлық қасиеттілер күні деп танылған мереке День всех святых — бүкіл әлем балалары мен ересектерінің ең сүйікті мерекелерінің бірі. Бұл — қалаған кейіпте образға еніп, сүйікті университет қабырғасында достарымен көңілді уақыт өткізу түні. Мейрам бағытына сай декорациялар, қолдан пісірілген тәттілер, сайыстар. Мерекеге дайындық - StuRa-ның жаңа мүшелеріне өздерін танытуға жақсы мүмкіндік!

Weinachten (Рождество)
Өткізілетін уақыты: 26 желтоқсан
Біздің университетті да айналып өтпейтін католиктердің ең басты мерекесі. Емтихандардың уақытына қарамастан, студенттер мерекелік іс-шараларға қатысуға тырысады. Рождествоға StuRa ойын-сауық шаралар мен дәмді тамақтар дайындайды.

StuRa президентін сайлау
Өткізілетін уақыты: ақпанның аяғы — наурыздың басы
Кез-келген ұжым сияқты, студенттік кеңесте мықты әрі ақылды көшбасшысының болуын талап етеді. Лайықты үміткерлер жақтастарының көмегімен президент орны үшін күреске түседі. Сайлауға барлық курстардың студенттері, оқытушылар құрамы мен әкімшілік жасырын түрде қатысады. StuRa президенті бір жылға сайланады, бұл өзінің көшбасшылық қасиеттерін танытып, университеттің тарихына кірудің таптырмас мүмкінішілігі!

Көктемгі бал
Өткізілетін уақыты: сәуірдің ортасы
Қала күннің жылынуы мен көктемнің келгенін тойлайды. Ал біз Көктемгі бал өткіземіз! Мерекелік іс-шарада «DKU аруы» мен «DKU сұлтаны» атағы беріледі. Сайыскерлер өз таланттарын, тапқырлығы мен сұлулықтарын көрсетеді.

Еріктілік пен қайырымдылық — DKU-дың студенттік өмірінің маңызды құрамдас бөлігі. StuRa оқу жылы бойында қайырымдылық көмек жиындары мен іс-шараларды ұштастырады.

«Менің ішкі әлемім» концерті.
Өткізілетін уақыты: мамырдың соңы
DKU студенттерінің белсенді қатысатын қайырымдылық науқандарының бірі. Тартылған қаражат қымбат медициналық дәрі-дәрмек сатып алуға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға көмекке жұмсалады.