Қаржы

5В050900

Факультет Экономикалық ғылымдар

ҰБТ/КТ–ға бейіндік пәндер: математика мен география

«Қос диплом» бағдарламасы бойынша ҚНУ-дың Германиядағы серіктес жоғары оқу орын:

University of Applied Science Zittau/Görlitz

Бұл бағдарлама банк пен биржа ісі, сақтандыру мен лизинг саласында білікті маман болғысы келетіндерге арналған. Сіз қаржы нарығының даму болашағы мен жай күйін бағалауды, компанияның қаржылық саясат бағыттарын анықтауды, қаржылық ресурстар мен тәуекелдікті басқаруды, инвестицияларды қаржыландыру мен несиелеу бойынша балама шешімдерге баға беруді үйренесіз.

Бейіндік пәндерді Германиядан шақыртылған доценттер жүргізеді, бұл біздің студенттер үшін маңызды басымдық.

Оқуға түсу талаптары

Модульдер:

  • Заңды тұлғалар үшін қаржылық қызметтер
  • Банк ісі және қаржы нарығы
  • Қаржы менеджменті
  • Қаржылық есеп және аудит
  • Мемлекеттік қаржы және қаржылық қауіпсіздік
  • Инвестицияларды қаржыландыру

Мансап

Қаржы саласындағы кәсіби дағдаларыңыз бен шетел тілдерін меңгергеніңіздің арқасында оқуыңызды аяқтағаннан кейін, сіз жобаларды халықаралық қаржыландыру және халықаралық стандарттар бойынша қаржылық есеп жүргізу саласында мансап жасай аласыз. Сіз:

  • жергілікті және халықаралық компаниялардың қаржы бөлімдерінде;
  • банктік және сақтандыру бөлімінде;
  • қор нарығында;
  • инвестициялық қорларда;
  • консалтингтік компанияларда;
  • мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істей аласыз.

Оқытушылар

Kabakanova Julija Olegovna

MA Finanzen, Oberassistent

Korablin Andrej Jurjevitsch

Dr. rer. nat., Dozent

Tleppajev Arsen Moldagalievitsch

PhD, Dozent

  • Германиядан оқытушылар

    ҚНУ-да Қазақстаннан ешқайда шықпай-ақ, Германиядан шақыртылған оқытушылардан білім аласыз.

  • Оқуды шетелде жалғастыру

    Германияда іс-тәжірибе мен тағылымдамадан өту мүмкіндігінің болуы, ал бакалавриатты аяқтағаннан кейін сол жерде не басқа елдерде оқуды жалғастыру.

Сұрақтарыңыз бар ма?