Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Бұл бағдарламаның студенттері аймақтық, тіпті жаһандық ауқымдағы жеткізу тізбегін оңтайландыру мақсатында логистика, экономика мен менеджменттің заңдылықтарын зерттейді. Сондықтан ҚНУ-дың білім беру процесі Германия мен Қазақстанның жоғары оқу орындары және кәсіпорындарымен тығыз қауымдастықта жүргізіледі. Ең үздік оқыған студенттерге Германияда іс-тәжірибеден өтуге мүмкіндік ұсынамыз.

Мамандық бойынша бейіндік модульдерді Германиядан шақыртылған доценттер жүргізеді.

Оқу мерзімі: ғылыми-педагогикалық магистратура бағдарламасы бойынша 2 жыл.
Оқу тілі: орыс тілі. Бағдарламаның 30% жуығы ағылшын тілінде оқытылады.

Оқуға түсу талаптары

Модульдер:

  • Логистикадағы инженерлік-техникалық пәндер
  • Халықаралық тасымалдарды басқару
  • Стратегиялық логистика және бизнес-аналитика
  • Жеткізілімдер тізбегін басқару
  • Кәсіпорындарды басқарудың практикалық курсы
/media/rTMYUheLCmVqkz6.jpg
/media/z656QbX2tkDr9mC.jpg

Мансап

Біз логистиканың менеджментінің барлық салаларында білікті мамандар дайындаймыз:

  • көлік ұйымдарында;
  • Қазақстанның өндірістік фирмаларында;
  • сауда фирмаларында;
  • басқарудың мемлекеттік және муниципалды органдарында;
  • шетел фирмаларында;
  • жоғары оқу орындарында.
  • about-icon

    Германиядан оқытушылар

    DKU-да Қазақстаннан ешқайда шықпай-ақ, Германиядан шақыртылған оқытушылардан білім аласыз

  • about-icon

    Оқуды шетелде жалғастыру

    Германияда іс-тәжірибе мен тағылымдамадан өту мүмкіндігінің болуы, ал бакалавриатты аяқтағаннан кейін сол жерде не басқа елдерде оқуды жалғастыру.

Сұрақтарыңыз бар ма?