Оқуға түсу талаптары

Қазақстан-Неміс Университетінің студенті болу үшін бірнеше оқуға түсу кезеңдерінен өту қажет:

1. ҰБТ не КТ өту

Ұлттық Бірыңғай Тестілеу (ҰБТ) немесе Кешенді тестілеу (КТ) сертификаты оқуға түсудің міндетті талабы боп табылады.

ҰБТ — ағымдағы жылдың мектеп түлектері үшін.
КТ — өткен жылдардың мектеп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектеріне арналған.

ЖОО-ға түсу үшін тестілеу кезінде кем дегенде 50 балл жинау қажет. Бұл ережені ҚР білім және ғылым Министрлігі бекіткен. Бейіндік пәндерді оқуға түскіңіз келетін мамандыққа сәйкес таңдау қажет.

ҚНУ мамандықтарына ҰБТ/КТ-ға бейіндік пәндер

  • Маркетинг — математика мен география
  • Қаржы — математика мен география
  • Менеджмент — математика мен география
  • Көлік логистикасы — математика мен география
  • Ақпараттық жүйелер (экономикадағы ақпараттық инжиниринг) — математика мен физика
  • Ақпараттық жүйелер (телематика) — математика мен физика
  • Ақпараттық жүйелер (mobile computing) — математика мен физика
  • Жылу энергетикасы (энергетикалық және экологиялық техника) — математика мен физика
  • Халықаралық қатынастар — ағылшын/неміс тілі мен дүниежүзі тарихы

2. ҚНУ-дың ішкі түсу емтихандары

Әрбір талапкер мемлекеттік тестілеуден бөлек ҚНУ-дың ішкі оқуға түсу емтихандарын тапсыруы қажет.

Емтиханға тіркелу үшін құжаттар пакетін жинап, оны Қабылдау комиссиясына емтиханға дейін кем дегенде жеті күн бұрын ұсынуы қажет.

ҚНУ-да түсу емтихандары екі кезеңмен өтеді:

I кезең: Жазбаша бөлім

Төрт пән бойынша тестілеу:

  • математика (10 тапсырма);
  • тарих (5 тапсырма — дүние жүзі тарихы, 5 тапсырма — Қазақстан тарихы);
  • экономика мен қоғам (10 тапсырма);
  • шет тілі (ағылшын және/не неміс тілі - 50 тапсырма).

II кезең: Сұхбаттасу

Сұқбаттасу тестілеудің келесі күні өткізіледі. Сұқбат түрінде қабылдау комиссиясының сұрақтарына жауап беруіңіз қажет. Бұл кезеңнің мақсаты сіздің біліміңізді емес, мұнда сіздің оқуға деген құлшынысыңызды тексеру.

Бакалавриатқа түсу үшін құжаттар тізімі

  • жалпы орта білім туралы аттестат /колледж дипломы;
  • ҰБТ/КТ сертификаты;
  • жеке куәлік көшірмесі;
  • 086-У нұсқадағы медициналық анықтама (флюорография суретімен);
  • егу картасының көшірмесі;
  • фотосуреттер 3×4 (6 дана);
  • түйіндеме;
  • тіркеу куәлігінің көшірмесі (ұл балалар үшін);
  • мекенжай анықтамасы.