Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Oracle академиясы

DKU-дағы Oracle Academy

Oracle — мәліметтер базасын бағдарламалық қамсыздандыру, ғаламтор және бұлт шешімдері бойынша әлемдік деңгейдегі көшбасшы. Компания жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына арналған Oracle Academy деген жалпы атаумен бірнеше оқу бағдарламаларын жасады.

Oracle Academy аясында студенттер алдыңғы қатарлы ІТ технологияларды меңгеру үшін материалдар базасына, ресурстар мен оқу бағдарламаларын пайдалануға рұқсат алады.

Бағдарламалау технологиялары, кең ауқымды ақпараттарды сақтау, өңдеу және басқару, мәліметтер базасын, сондай-ақ бизнесті ақпараттандыруға арналған қосымшаларды басқару сияқтының барлығын Oracle Academy базасында меңгеруге болады.

2014 жылдың сәуірдің 17-сінен бастап ҚНУ Oracle Academy мәртебесін алды, қазіргі таңда қажетті бағдарламалық қамсыздандырылуы: Oracle Database 12с лицензиялық өнімдер жиынтығы мен Oracle SQL Developer мәліметтер базалары басқарудың біріктірілген графикалық ортасы бар компьютерлік зертханасына ие.

Oracle Academy бағдарламасына қатысу ҚНУ «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері СУБД Oracle Database басқаруда SQL қолдану бойынша білік-дағдыларды, сондай-ақ техникалық ағылшын тілін меңгереді. Oracle оқу курстарын аяқтап, емтихандарды сәтті тапсырған жағдайда студенттердің Oracle Academy сертификаты мен халықаралық деңгейдегі емтихандарға 25% жеңілдік алу мүмкіндіктері бар. Сабақтарды физика-математика ғылымдарының кандидаты, ҚНУ доценті, сертификациядан өткен нұсқаушы Теміралиева Г. Т. жүргізеді.