Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU-дағы спорт

Университетімізде спортқа ерекше көңіл бөлінеді. Дене белсенділігі көп нәрселерге қол жеткізуге, төзімді де белсенді болуға мүмкіндік береді ғой!

Студенттерімізге арналған дене тәрбиесі бойынша сабақтар «Қазақстан» кең спорт кешенінде өткізіледі. Қыздар үшін йога, степ-аэробика мен жүзу, ал ер балаларға жаттығу залы, күш жаттығулары мен жүзу қарастырылған. Сабақтан тыс кезде DKU студенттері баскетбол, волейбол мен шахмат үйірмелеріне қатыса алады.

Жаттығулар — бұл өте маңызды, жарыстардан басқа қай жерде өзіңнің күшің мен ептілігіңді көрсете аласың! Біздің студенттеріміз спорттың алты түрінен жарысатын жыл сайынғы Университеттік спартакиадаға қатысады. Бұдан басқа, волейбол, мини-футбол, шахмат, орысша сығымдап көтеру, қол күресінен ұдайы түрле өткізіліп отыратын жарыстарға да қатысады.

Спорт — әрқайсымыздың өміріміздің маңызды құрауышы, ал DKU-да студенттердің дене дамуы үшін ең жақсы жағдайлар жасалған.