Оқу бағасы

Біліміңізді көрсетіп, ҚНУ-да оқуға грант ұтып алыңыз!

ҚНУ-дың жыл сайынғы Олимпиадасы аясында мектептердің 10−11 сынып оқушылары мен Қазақстан Республикасы колледждерінің 2−3 курстары Қазақстан-Неміс Университетінің білім гранттары мен жеңілдіктерінен тұратын қомақты жүлде қорына ие болу үшін өз күштерін сынап көре алады.

Қатысушыларды тіркеу 2018 жылдың ақпанның 1-і мен 28-і аралығында өтеді. Тіркеу формасы ақпанның 1-нен қолжетімді болады. Тіркеуден өткеннен кейін әрбір қатысушы электронды мекенжайына Олимпиадаға дайындық жасауға көмектесетін байқап көру тапсырмаларын алады.

Олимпиада екі кезеңнен тұрады:
БІРІНШІ КЕЗЕҢ: жазбаша түрде

Техникалық бағыт:

  • Математика бойынша есептер (10 тапсырма);
  • Физика бойынша есептер (10 тапсырма).

Экономикалық бағыт:

  • Математика бойынша есептер (10 тапсырма);
  • Қызықты экономика бойынша есептер (10 тапсырма).

ЕКІНШІ КЕЗЕҢ: ауызша, шығармашылық форматта

Ұсынылған тақырыптардың біреуіне шығармашылық жоба дайындау және қорғау

ЖҮЛДЕ ҚОРЫ:

11 сынып:

  • 1 орын — тегін оқу
  • 2 орын — 50% жеңілдік
  • 3 орын — 25% жеңілдік

10 сынып:

  • 1 орын — ҚНУ-ға түсу емтихандарынсыз түсу мүмкіндігі
  • 2 орын — неміс тілі курсына қатысу сертификаты
  • 3 орын — ҚНУ-дың брендтік жиынтығы

Өзіңізді көрсетіп, Қазақстанның үздік университеттерінің біріне жолдама алыңыз!

Сұрақтарыңыз бар ма? + 7 727 355-05-51 номеріне соғып сұраңыз (ішкі 216, 923) немесе email marketing@dku.kz.