Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Кітапхана туралы

Орталық Азия ЖОО-ның арасындағы неміс тіліндегі кәсіптік әдебиет қоры жиналған кітапханалардың ең үлкені болғандықтан, біздің кітапханамыз бірегей. Сіз мұнда төрт: неміс, орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде заманауи оқулықтар мен білім алуға қажетті материалдар табасыз.

Жыл сайын кітапхана қорын жаңартамыз және біздің электронды ресурстарымызды, оның ішінде мерзімді басылымдарға жазылу жұмыстарын кеңейтеміз. Біздің кітапханамыз автоматтандырылғандықтан, қажетті әдебиетті іздеу жеңілдетілген.

Кітапхананың негізгі демеушілері: Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі, Орталық ғылыми кітапхана, Алматыдағы университеттер, DAAD, Роберт Бош қоры, Фридрих Эберт қоры, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Гете-Институты мен Неміс ғылыми қоғамы. Бұдан басқа, біздің студенттер электронды ресурстарын пайдалана алады.

Кітапхананың түрлі абонементтер бойынша қызмет көрсететін екі оқу залы бар:

Жаратылыстану-техникалық және экономикалық әдебиеттер оқу залы (Абонемент № 1)

DKU-дың Пушкин көшесіндегі 111/113 ғимаратында орналасқан. Мұнда оқу материалдары, ғылыми еңбектер, DKU басылымдары, энциклопедиялар, экономикалық және жаратылыстану ғылымдары, IT-технологиялар мен бағдарламалау, логистика, экология мен қоршаған ортаны қорғау бойынша анықтамалықтар қолжетімді.

Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар мен тіл білімі бойынша оқу залы (Абонемент № 2)

Назарбаев даңғылындағы 173 ғимаратта орналасқан. Мұнда біздің студенттерге философия, әлеуметтану, саясаттану, халықаралық қатынастар, Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, дипломатия, неміс, ағылшын және қазақ тілдеріндегі оқу және ғылыми әдебиеттерді жинадық. Көркем әдебиет, анықтамалықтар, энциклопедиялар мен сөздіктер де осы жерде.

DKU кітапханасындағы сізді қызықтыратын әдебиеттің бар жоғын білу үшін университет порталындағы онлайн тізімдемені пайдалануға не кітапхана қызметкерлеріне өтініш білдіруге болады.


Кітапхана жұмысын:

Алдабергенова Айслу Сүйіндікқызы — aldabergenova@dku.kz

Череватенко Татьяна Леонидовна — cherevatenko@dku.kz

Шакирова Әйгерім Қайырбекқызы — shakirova@dku.kz

+7 727 355-05-51 ішкі 225 не 402


Жұмыс уақыты:

Дүйсенбі - Бейсенбі: 8:00 -17:00. Үзіліс 13:00 — 14:00

Жұма: 8:00 -15:00.