Кітапхана

Ережесі

1. Жалпы ереже

1.1. Қазақстан-Неміс Университетінің кітапханасын пайдаланудың аталмыш ережесі Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңының 15.12.2006 № 207−3 (22.01.2016 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), «Мәдениет саласындағы қызмет» 5 тарауының «Кітапхана ісі" 24 бабы, 19.01.2016 жылдың № 44 „Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапхана қорын қалыптастыру, пайдалану мен сақтау“ бойынша Ережені бекіту туралы» ҚР білім және ғылым Министрлігінің Бұйрығы мен Университет Жарғысы негізінде құрастырылған.

1.2. Ереже кітапхана қолданушыларына қызмет көрсетуді ұйымдастырудың, құқықтары мен міндеттерінің жалпы ережесін, кітапхана құжаттамасын жүргізу тәртібін реттейді.

1.3. Кітапхана құжаттамасы электронды, сондай-ақ дәстүрлі түрде де жүргізіледі.

1.4. Кітапхана Университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кітапхана қорлары Университет мүлкі болып табылады. Оны студенттер, магистранттар, профессорлық-оқытушылық құрам, ғылыми қызметкерлер, Университет қызметкерлері тегін қолдануға құқылы.

1.5. Университет қызметкерлері не студенттері болып табылмайтын тұлғалар кітапхана қорын ақылы пайдаланады. Кітапханаға жазылған бір жазба ақысы 200 теңгені құрайды.

1.6. Кітапхана: қысқа мерзімге («түнгі абонемент»), жұмыс күні аяқталғанша, көшірме жасауға оқу әдебиетін беру сияқты қосымша қызмет түрлерін көрсетеді.

2. Кітапханаға жазылу ережесі

2.1. Профессорлық-оқытушылық құрамның кітапханаға жазылуы кафедра деканы немесе кадрлар жөніндегі деканның таныстыруынан кейін жүргізіледі. Студенттер университетке оқуға түскендігі туралы бұйрықтың негізінде не студенттік билет көрсеткеннен кейін жазыла алады.

2.2. Университеттің қызметкерлері не студенттері боп табылмайтын азаматтардың өзге топтары: талапкерлер, тағылымдамадан өтушілер, ізденушілер кітапхана қорын тек оқу залында ақылы түрде ғана пайдалана алады.

2.3. Кітапханаға жазылуда оқырман кітапхананы пайдалану ережелерімен танысуы міндетті саналады және оны орындау міндеттілігін оқырман формулярына қол қойып бекітуі тиіс.

2.4. Жыл сайын кітапхана оқырмандардың атына тіркелген барлық әдебиетті талап етіп, оларды қайта тіркеуден өткізеді.

2.5. Күндізгі бөлім мен екінші жоғары білім студенттері жыл сайын жазғы сессия аяқталғаннан кейін қайта тіркелуден өтеді.

2.6. Қайта тіркеуден өтпеген қолданушылар кітапхананы пайдалану құқығынан айрылады.

3. Кітапхана қорын пайдалану ережесі

3.1. Әдебиетті алу үшін студент студенттік билетін көрсетуі тиіс.

3.2. Әдебиетті қолға бергендігі туралы оқырман формуляры мен Электронды Кітап беруге тіркеледі. Оқырман кітаптың әрбір данасы не өзге де материалдар үшін формулярға қол қояды. Қайтарған кезде олардың қолтаңбалары кітапханшының қолымен өшіріледі.

3.3. Абонементтердегі әдебиет:

  • професссорлық-оқытушылық құрамға қайтарып беру мерзімі міндетті түрде ұзартылатын 10−15 дана көлемінде;
  • студенттерге оқу және әдістемелік әдебиет — қайтарып беру уақыты бекітілген мерзімде міндетті түрде ұзартылатын бір пәннен 3 данаға дейін 20 күнге, басылымдарды бір алғанда қолға беру -10 данадан аспауы тиіс;

3.4. Оқу жоспарларымен анықталған оқу әдебиеті бүкіл семестрге, әрбір 20 күн сайын міндетті түрде ұзартылу шартымен беріледі.

3.5. Орыс тіліндегі көркем әдебиет 5 данадан 20 күнге беріледі, қайтару уақытын ұзартуға болады.

3.6. Барлық әдебиеттің қорда 10 дана басылым дубликаты болған жағдайда екінші жоғары білім студенттері мен магистранттарға 20 күнге беріледі, қайтару уақыты міндетті түрде ұзартылады.

3.7. Әдебиетті уақытында қайтармаған жағдайда оқырман кітапхананы пайдалану құқығынан бір айға айрылады, алайда оқу залында сабаққа дайындалуға мүмкіндігі болады;

3.8. Кітапхана қорындағы бір даналы әдебиет қолға берілмейді.

4. Оқырмандардың құқықтары мен міндеттері

Қолданушылар:

4.1. Өзге қолданушылардың тарапынан сұраныс болмаған жағдайда әдебиеттің қайтару уақытын ұзартуға;

4.2. Кітапхана ұсынатын негізгі қызмет түрлерін, яғни оқу залын, күндізгі және түнгі абонементті қолдануға;

4.3. Ақпарат көздерін іздеу мен таңдауда кеңес беру бойынша көмек алуға;

4.4. Жиынтық электронды каталогтың мәліметтерін, АРМ, Ғаламтор қызметтерін пайдалануға;

4.5. Кітапхана қорының құрамы, қызмет көрсету тәртібі, кітапхананы пайдалану ережелері жөнінде толық ақпаратты алуға құқылы.

Пайдаланушы міндетті:

4.6. Кітапхананың мүлкіне, әсіресе баспалық басылымдарға (беттерін жұлмау, қайырмау, кітап белгібауын жабыстырмауға және т.б.), уақытында қайтаруға өте мұқият болуға;

4.7. Қандай болмасын құжатты алуда оның бүлінбегендігін мұқият тексеріп, кемшін тұстарын байқаған жағдайда бұл туралы кітапханашыға ескертуге міндетті.

4.8. Кітапты не болмаса өзге бір басылымды бүлдірген немесе жоғалтқан жағдайда оқырман кітапханаға дәл осындай басылымды қайтаруы не оны басқасымен ауыстыруы қажет. Кітапхана оны мазмұны, бағасы жағынан тең бағалы деп тануы тиіс. Бұндай болмаған жағдайда кітаптың құнын он есе мөлшерде (ҚР білім және ғылым Министрлігінің 2003 жылдың 18 шілдедегі № 508 «ҚР білім беру мемлекеттік ұйымдарының кітапханалары қорын қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Бұйрығына сәйкес өтеуі қажет;

4.9. Студенттер семестр аяқталған соң немесе Университеттен оқудан шығарылғаннан кейін, Университтеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері қызметі аяқталғаннан кейін өздерінің атындағы барлық әдебиетті тапсыруға міндетті;

4.10. Кітапхана қоры мен оның техникалық-материалдық базасына зиян келтірген Оқырмандар қолданыстағы заң бойынша толық материалды және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

5. Кітапхананың құқықтары мен міндеттері

Кітапхана:

5.1. Кітапхана немесе оның қызметкерлеріне материалдық не моралдық нұқсан келтірген жағдайда сотқа жүгінуге;

5.2. Кітапхананы пайдалану ережелерін бұзғаны үшін шыққан дау шешілгеннен соң оқырманды бір айға кітапхананы қолдану құқығынан айыруға;

5.3. Кітапхана қолданудың аталған ережесін бұзғаны туралы материалдарды деканаттар мен ректоратқа тапсыруға;

5.4. Қайта тіркеуден өтпеген қолданушыларға қызмет көрсетпеуге құқылы.

Кітапхана:

5.7. Көрсетілетін барлық қызмет түрлері жөнінде оқырмандарды хабардар ету;

5.8. Оқырмандар қайтаратын басылымдардың барлығын бүліну фактілеріне тексеру және соған сәйкес шара қолдану;

5.9. Қолданушыларға берілген кітаптар мен өзге де материалдардың кітапханаға уақытында кері қайтарылуын жүйелі түрде бақылау;

5.10. Қайтару мерзімі өткен алдыңғы берілген басылымдар қайтарылғаннан кейін ғана кезекті басылым беру жұмыстарын жүргізу;

5.11. Оқу мәдениетін көтеруде оқырмандарға көмектесу;

5.12. Қолданушылардың кітапханада жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызуға;

5.13. Университеттің Жарғысы мен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары кітапханалары қызметкерлерінің кәсіби қызмет әдебі Кодексі мен аталмыш қолдану ережелеріне сәйкес қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін көрсетуі қажет.