Университет туралы

Қазақстан-Неміс Университеті неміс стандарты бойынша оқытатын Орталық Азиядағы жалғыз халықаралық университет. Біздің оқытушыларымыз — неміс және қазақстандық профессорлар мен машықтанушы кәсіби мамандар.

Біз өмірлік ұстанымы белсенді жаңа форматтағы, жоғары кәсіби және мәдениаралық құзіреттіліктері қалыптасқан, Орталық Азия аймағының өзекті мәселелерін шешуге дайын, ғылыми және іскерлік ортада көшбасшы болатын мамандарды дайындаймыз.

ҚНУ түлектері Германияның, Еуропаның өзге де елдерінің ЖОО-нда оқуын жалғастырады, ірі шетелдік және халықаралық компанияларда мансап құра бастайды. Біздің университетімізде мансап жолын табысты бастауға қажеттінің барлығы бар: екі шет тілін жеделдете оқу, инновациялық технологиялар мен білім берудің жоғары стандарттары, нетворкинг үшін мүмкіндіктер, сондай-ақ студенттер мен болашақ жұмыс берушілер, ғылыми орта өкілдерімен байланыс орнату. Біз шәкіртақылық бағдарламалар мен жеңілдіктер ұсыну арқылы сапалы жоғары білімді дарынды жастарға қолжетімді жасаймыз.

Біздің университетімізде оқу студенттерден жеткілікті дәрежеде ынталылық пен тәртіпті талап етеді, бірақ даму үшін үлкен мүмкіндіктер беріледі. Егер сіз өршіл адам болсаңыз және де кәсіпкерлік ортада, ғылыми салада эталон боп табылатын кәсіби мамандардың бірі болуға дайын болсаңыз, онда сіз үшін есіктеріміз ашық!