Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Экономикадағы ақпараттық инжиниринг

Факультет инжиниринг және ақпараттық технологиялар

ҰБТ/КТ–ға бейіндік пәндер: математика мен физика

acquin.png
/media/5a9937121d09a.png
/media/5a95044f5454d.jpg

«Қос диплом» бағдарламасы бойынша DKU-дың Германиядағы серіктес жоғары оқу орын:

University of Applied Sciences Schmalkalden
/media/5a95046252248.jpg

«Қос диплом» бағдарламасы бойынша DKU-дың Германиядағы серіктес жоғары оқу орын:

Technical University of Applied Sciences Wildau

InternationalDataCorporation зерттеу агентігінің мәліметтері бойынша, 2020 жылға дейін кәсіпорындардың 60% сандық экономикаға өтудің тұжырымдамаларын жасап, іске асыра бастайды. Бұл еңбек нарығында жоғары білікті IT-мамандар бұрын соңды болмаған сұранысқа ие болады дегенді білдіреді.

«Ақпараттық жүйелер» мамандығы аясында ҚНУ-да еуропалық стандарттарға сәйкес үш білім беру бағдарламасы іске асуда:

  1. «Экономикадағы ақпараттық инжиниринг»;
  2. «Телематика»;
  3. «Mobile computing».

ҚНУ Германияның ірі жоғары оқу орындарымен: Шмалькальден қаласындағы Қолданбалы Ғылымдар Университеті мен Вильдау қаласындағы Техникалық Қолданбалы Ғылымдар Университетімен тығыз қарым-қатынаста ынтымақтастық жасайды. Бұл Қазақстандағы IT-білім беру нарығында көшбасшы позицияларда тұрақты орналасуымызға жағдай жасайды.

Біз теоретиктер мен практиктерден құралған мықты оқытушылар құрамын құрдық, сондай-ақ студенттерге осы бағдарлама аясында:

  • жобалау бойынша, компьютерлік ақпараттық жүйелерді құру мен дамытудың теориялық және практикалық негіздері;
  • алдыңғы қатарлы шетелдік IT-технологиялар мен стандарттар спецификасы;
  • нақты өндірістік IT-саладағы практикалық жұмыстар негіздері қамтылатын білім игерудің бірегей оқу бағдарламасын құрдық.

Біз мақтанатын нәрсе көп! 2013 жылдың 7 қазанынан бастап ҚНУ Cisco компаниясының ресми серіктесі болды және Қазақстандағы Cisco Желілік Академиясының қызмет істейтін бірінші серіктесі. 2014 жылдың 17 сәуірінен бастап ҚНУ Oracle компаниясы мен Oracle Академиясының ресми серіктесі болды.

Студенттерді дайындау сапасын арттыру мақсатында біздің университеттің базасында Cisco сертификацияланған зертханасы жұмыс істейді, сондай-ақ Cisco мен Oracle бағдарламалық қамсыздандыру мен компьютерлік құрал жабдығы бар. Біздің студенттер үшін қосымша басымдық: мамандық бойынша бейіндік пәндерді Германиядан шақыртылған доценттер жүргізеді.

«Экономикадағы ақпараттық инжиниринг» білім беру бағдарламасы

Бұл бағдарламаның түлектері кез келген экономикалық салада компьютерлік апараттық жүйелерді жобалау, енгізу мен техникалық қолдау көрсету бойынша жұмыс істейді. Ақпараттық инжиниринг мамандары: қолданыстағы жүйелерге инновацияларды жасау мен енгізуге дейінгі компьютерлік ақпараттық жүйенің бүкіл кезеңдерін бақылайды. Басқаша айтқанда, біз ІТ жобалар дирижерлерін дайындаймыз.

Оқуға түсу талаптары
/media/AME0Ks5pQipO9dO.jpg
/media/vzkMUmFKlQkMf05.jpg

Модули

Модульдер:

  • Бизнес информатика және құқық
  • Қаржылық қызметті автоматтандыру
  • Коммуникациялар және IT-қауіпсіздік
  • IT-инфрақұрылымын ұйымдастыру және басқару
  • Экономикалық процестерді моделдеудің қолданбалы жүйелері
  • Web және мобильдік қосымша
  • Бизнес және IT-жобалардағы жүйелік талдау

Мансап

Ақпараттық инжинирингте мамандардың кәсіби тұрғыда қызмет етуі шектеусіз — олар компьютерлік ақпараттық жүйелер қолданылатын, қызмет көрсету түріне қарамастан кез келген салада сұранысқа ие.

  • about-icon

    Германиядан оқытушылар

    DKU-да Қазақстаннан ешқайда шықпай-ақ, Германиядан шақыртылған оқытушылардан білім аласыз

  • about-icon

    Оқуды шетелде жалғастыру

    Германияда іс-тәжірибе мен тағылымдамадан өту мүмкіндігінің болуы, ал бакалавриатты аяқтағаннан кейін сол жерде не басқа елдерде оқуды жалғастыру.

Сұрақтарыңыз бар ма?