Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Экономика мен бизнестің тұрақты дамуы: тәсілдер, мәселелер мен перспективалар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция туралы хабарландыру

Құрметті әріптестер!

Сіздерді «Экономика мен бизнестің тұрақты дамуы: тәсілдер, мәселелер мен перспективалар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференцияға қатысуға бизнес-қоғамдастық өкілдері, ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, осы мәселеге мүдделі және осы салада ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын магистранттар шақырылады.

Конференцияның мақсаты: тұрақты экономика мен бизнесті дамытуға ықпал ететін тәжірибе, зерттеулер, заманауи әдістер мен тәсілдермен алмасу.

Конференция (секция) жұмысының негізгі бағыттары:

• «Тұрақты тұтынушылық мінез-құлықты ынталандырудың инновациялық стратегиялары»;

• «Халықаралық экономика мен қаржының жаһандық трансформациясы контексіндегі бизнестің өзекті мәселелері";

* «Бизнестің тұрақты және инновациялық ұйымдық модельдерін дамыту контекстіндегі көшбасшылық пен басқару тәжірибесінің эволюциясы»;

• «Жаңа құрылымдық өзгерістер: тұрақты модельдерге көшу».

Іс-шара қорытындысы бойынша ғылыми конференция еңбектерінің жинағы шығарылады.

Біздің конференция туралы ақпаратты әріптестеріңізге және барлық мүдделі тұлғаларға таратқаныңыз үшін алғыс айтамыз!

  • Күні: 16 ақпан 2024 жыл
  • Жұмыс уақыты: 10:00 — 17:00
  • Өтетін орны: Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы, 173.


Конференцияға қатысу тәртібі, тіркеу формасы және ғылыми мақалаларға қойылатын талаптар туралы ақпаратты мына жерден жүктеп алуға болады.

Конференция бағдарламасы осында

Құрметпен,

Ph.D., экономика және кәсіпкерлік

факультетінің деканы

А. Абдунурова

Бөлісу