Ақордада Қазақ-неміс тұрақты инженерия Институтын құру туралы келісімге қол қойылды
Германияның федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің Астанаға мемлекеттік сапары барысында Қазақстан-Германия саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға қатысты бірқатар құжаттарға қол қойылды.
Ресми шара аясында DKU президенті профессор Волрад Роммель мен Yessenov University президенті Берік Ахметов Қазақ -неміс тұрақты инженерия институтын құру туралы келісімге қол қойды.
21 маусымда институттың ресми ашылу салтанатына қатысу үшін Германияның федералды президенті бастаған делегация Ақтауға келеді.
Бөлісу
Твитнуть
Бөлісу