Ғылым және ғылыми зерттеулер департаменті

ҚНУ Орта азиялық аймақтың экологиялық мәселелері мен табиғи ресурстарын тиімді пайдалануды ерекше назарға ала отырып, аймақтың тұрақты дамуы саласында белсенді ғылыми қызмет жүргізіп отыр.

Біздің жұмысымыздың негізгі ғылыми бағыттары:

  • Экономика мен қоғамдағы құрылымдық өзгерістер;
  • Әлемдік экономика мен саясаттағы бірігу процестері;
  • Қауіпсіздік мәселелері мен негізгі сыртқы саяси бағдарлар;
  • Су ресурстарын тиімді пайдалану;
  • Энергетикалық және экологиялық саясат саласындағы қазіргі беталыстар;
  • Логистика мен көлік;
  • Ақпараттық технологиялар;
  • Психология, логика, тіл білімі, философия.

ҚНУ-да ғылыми қызметке ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, инновациялық жұмыстарға талдау жасай отырып ұйымдастыратын, үйлестіретін ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі Департамент жетекшілік етеді. ҚНУ-дың ғылыми және зияткерлік әлеуетін тиімді пайдалану, ғылыми зерттеу және өндірістік қызметін кешенді дамыту, білім сапасы мен НИКОР-ды көтеру, инновациялық қызметті ұйымдастыру, ғылыми-техникалық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мен ғылым және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты нығайту — бұлар Департамент жұмыс істейтін негізгі бағыттар.