Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

XIII Жыл сайынғы халықаралық студенттік конференцияға қатысуға шақырамыз, 1.04.2021

Қазақстан-Неміс Университеті 2021 жылдың 1-шы сәуір күні «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕМДІК ҮРДІСТЕР: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҮШІН ҚАТЕРЛЕР МЕН ТӘУЕКЕЛДЕР» тақырыбына арналған XIII Жыл сайынғы халықаралық студенттік ғылыми конференцияны өткізеді. Конференция онлайн режимінде өтеді.

Қазіргі қоғамның дамуы геосаясат, қаржылық және энергетикалық тұрақсыздықтарға, азық-түлік, экологиялық жэне ақпараттық қауіпсіздікке, ғылыми-техникалық жэне технологиялық бәсекелестік үрдістеріне байланысты үлкен өзгерістер мен жаңа жаһандық тәуекелдер үстінде.

Орталық Азия мемлекеттерінде қалыптасқан экономикалық жэне әлеуметтік-саяси жағдайлардың салдарынан осы мемлекеттерде тұрақты жэне қарқынды даму болашағын қарастыруға болады ма? Мемлекеттің даму стратегиясы жаһандық бэсекелестік пен аймақтық күштерге байланысты қандай болуы қажет? Қазіргі жағдайға байланысты Қазақстан қарқынды даму үшін қандай мүмкіншіліктерге ие? Барлық осы мәселелер халықаралық конференция барысында талқыланатын болады.

Ғылыми конференция төмендегі төрт бағыт бойыншы өтеді:

Секция I «XXI ғасырдағы халықаралық қатынастардың трансформациясы».

Секция II «Заманауи экономика мен бизнестің өзекті мәселелері".

Секция III «Пандемия әсерінен логистикалық, энергетикалық және экологиялық трендтердің трансформациясы».

Секция IV «Ақпараттық трендтер және олардың болашаққа әсері".

Секция V «Пандемия жағдайында білім беруді цифрландыру: мәселелері мен болашағы».

Өтетін орны және уақыты: Алматы қ., Қазахстан-Неміс университеті, конференция онлайн режимінде өтеді (платформаға сілтеме қатысуға өтінімдерді қарағаннан кейін қатысушыларға жіберіледі).

Конференцияның ашылуы: 10:00.

Жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша, немісше

Барлық сұрақтар бойынша DKU -дың Ғылым және инновациялық зерттеулер бөлімінің басқарушысы, т.ғ.к., доцент Тюлюбаева Динара Мұратбекқызына хабарласыңыздар. Байланыс түрі: tyulyubayeva@dku.kz, +7 (727)3550551 (ішкі № 231).

Студенттер мен магистранттарды біздің конференцияда баяндама жасап, белсенділік танытуға шақырамыз!


«ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕМДІК ҮРДІСТЕР: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҮШІН ҚАТЕРЛЕР МЕН ТӘУЕКЕЛДЕР» тақырыбына арналған XIII Жыл сайынғы халықаралық студенттік ғылыми конференцияға ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

Қатысу түрі: Секциялық отырыста баяндама жасау. Конференцияға студенттер мен магистранттар қатыса алады. Конференцияға қатысу, баяндама жасау және ғылыми еңбектерді жариялау тегін.

Тіркеу түрі мен абстрактыны қабылдау: конференцияға қатысу үшін тіркеу түрін толтыру керек (І қосымша). Тіркеу түрі мен абстракт баяндама тілінде 2021 жылдың 01 наурызына дейін өткізілуі керек. Абстракт конференция мақсатына, жұмыс бағытына және баяндама тақырыбына сай болуы керек.

Іріктеу: 2021 жылдың 01 — 13 наурыз аралығына дейін.

Қатысушыларға жауап: 2021 жылдың 15 — 25 наурыз аралығында беріледі.


Абстракт көлемі 250−300 сөзден аспай, жұмыстың қысқа мазмұнын ашу керек. Абстракт құрылымы: зерттеу мақсаты, гипотеза, әдістеме, зерттеу жаңалығы, өздік жұмыс дәрежесі, зерттеу нәтижелерін практиқалық қолдану аймақтары, қорытынды.

Конкурстық комиссия отырысының нәтижесінде әрбір секция бойынша үздік жұмыстар іріктеледі. Үздік жұмыстар конференцияда баяндалады және ғылыми еңбектер жинағында жарияланады. Конференцияның барлық қатысушыларына сертификат табысталады.

Конференцияға қатысу үшін толтырылған тіркеу түрі мен абстракты (І қосымша) баяндама тілінде 2021 жылдың 01 наурызына дейін өткізу керек.

Жариялауға ұсынылған баяндамалар мақала түрінде 2021 жылдың 25 наурызына дейін секция бойынша жауаптыларға (секция координаторларына) жіберілуі керек. Мақала ІІ қосымшада көрсетілген талаптарға сай рәсімделу керек.


СЕКЦИЯЛАРДЫҢ КООРДИНАТОРЛАРЫ:

Секция I «XXI ғасырдағы халықаралық қатынастардың трансформациясы».
Жауапты: Иванов Игорь, доцент.
Байланыстар: ivanov@dku.kz

Секция II «Заманауи экономика мен бизнестің өзекті мәселелері".
Жауапты: Першина Ирина, магистр.
Байланыстар: pershina@dku.kz

Секция III «Пандемия әсерінен логистикалық, энергетикалық және экологиялық трендтердің трансформациясы».
Жауапты: Аримбекова Перизат, доцент.
Байланыстар: arimbekova@dku.kz

Секция IV «Ақпараттық трендтер және олардың болашаққа әсері".
Жауапты: Савельева Елена, доцент.
Байланыстар: a.saparov@dku.kz

Секция V «Пандемия жағдайында білім беруді цифрландыру: мәселелері мен болашағы».
Жауапты: Басанова Сандугаш, магистр.
Байланыстар: bassanova@dku.kz

Ұйымдастырушы комитет конференцияға қатысатын баяндамаларды, сонымен қатар конференцияның ғылыми еңбектер жиынтығына жариялауға арналған баяндамаларды таңдауға құқығы бар.

Бөлісу