Размер шрифта:

Цветовая схема:

DAAD-ның өзекті жобасы

DAAD 2021−2024 өзекті жобасы

Қазақстан-Неміс Университеті (DKU) 2007 жылдан бастап түрлі жобалар шеңберінде Герман академиялық алмасу қызметі (DAAD) және Германияның Сыртқы істер министрлігі (АА) тарапынан қаржылық қолдау алды.

Жобаның мақсаты: DKU дамуын қолдау және университеттің Германиядағы серіктестерімен ынтымақтастығын нығайту.

Өзекті жобаның атауы «Неміс тілі - цифрландыру — трансфер. Қазақстан-Неміс университетін қолдау және одан әрі дамыту жобасы».

Іске асыру мерзімі: 2021−2024 жж.

Жобаның серіктесі Шмалькальден қаласындағы қолданбалы ғылымдар университеті болып табылады, мұнда жобалық кеңсе де орналасқан. Ол Қазақстандағы жобалық кеңсемен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Германиядағы командасы: http://www.dku-projekt.de/team-in-deutschland/
Қазақстандағы командасы: http://www.dku-projekt.de/team-in-kasachstan/

Жобаның міндеттері:

DKU СТУДЕНТТЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЖАҚСАРТУ, ИНТЕРНАЦИЛИЗАЦИЯ

  • студенттерге жазғы және қысқы қарқынды тілдік курстар өткізу;
  • DKU профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері үшін қарқынды тілдік курстар өткізу;
  • консорциум қатысушыларының жоспарланған отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;
  • «Орталық Азияда модульдік пәндерді оқыту» бағдарламасы бойынша неміс жоғары оқу орындарының студенттерін DKU-ға шақыру және оларға қолдау көрсету;
  • DKU-да жыл сайынғы Халықаралық жазғы университетті ұйымдастыру және өткізу;
  • Қызметкерлер үшін Германияда тілдік курстады ұйымдастыру және қаржылық қолдау көрсету.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН FLYING FACULTY-ДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОДАН ӘРІ ДАМЫТУ, DKU-ДАҒЫ ПРОЦЕСТЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ

  • неміс оқытушыларын іздеу (Flying Faculty), олардың жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау;
  • неміс әріптестерімен ынтымақтастықта оқу бағдарламаларын дамыту;
  • DKU-дың Германия мен Орталық Азиядағы университеттермен және іскери серіктестермен байланыстарын нығайту;
  • DKU студенттеріне Алматы қаласында және Германияда академиялық алмасу шеңберінде оқуға стипендиялар беру;
  • аккредиттеуді дайындау және өткізу кезінде DKU-ды жан-жақты қолдау;
  • DKU-дағы процестерді цифрландыруды қолдау.

DKU ІС-ШАРАЛАРЫН, БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖӘНЕ ЖОБАЛАРЫН ҚОЛДАУ

  • LogCentre қаржылық қолдау;
  • Cargo Bike Pilot жобасын қаржылық қолдау;
  • Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің іс-шараларын қаржылық қолдау;
  • «DKU Talks» пікірталас алаңын қаржылық қолдау;
  • Centre for Research & Graduate Education (CRGE) орталығын қаржылық қолдау;
  • студенттік жобаларды қаржылық қолдау.

Жобаның соңғы жаңалықтары

Жобаның соңғы жаңалықтарын төмендегі сілтемені басу арқылы біле аласыз:
www.dku-projekt.de/aktuelles