Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Ғылыми конференция материалдары,
Жинақтар мен кітаптар

1. Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан Республикасы Президентінің таңдаулы еңбектері - Алматы: Қазақстан-Неміс университетінің Халықаралық және аймақтық ынтымақтастықты ғылыми-зерттеу институты, 2021 ж.

Жауапты редактор: Б.К. Сұлтанов
Құрастырған: Қ.М. Кильмакаева.
Жинақ «CNPC International in Kazakhstan» LTD қаржылық қолдауымен шығарылды
Бұл жинаққа Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылдың 20 наурызынан 2021 жылдың 30 сәуіріне дейінгі аралықта жарық көрген еңбектері кірді. Бұл жинаққа мемлекет басшысының 68 еңбектерінің мәтіндері, оның ішінде Президент Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған екі жолдауы және 3 мақаласы, сонымен қатар ішкі және сыртқы саясаттың, әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті проблемаларына, сондай-ақ коронавирустық пандемиясына қарсы шараларға арналған Қазақстан басшысының 63 үндеуі мен мәлімдемелері кірді. Жинақ тарихшыларға, саясаттанушыларға, ұлттық тарихтың, халықаралық қатынастардың, еліміздің сыртқы және ішкі саясатының мәселелерімен айналысатын сарапшыларға,, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сондай -ақ Қазақстанның жаңа тарихына қызығушылық танытқан оқырмандарға арналған.

Кітапты мына жерде таба аласыз.

2. Қытай Коммунистік партиясының 100 жылдығы — күрес пен жеңістер жылдары. — Алматы: Қазақстан-Неміс университетінің халықаралық және аймақтық ынтымақтастықты ғылыми-зерттеу институты, 2021 ж.

Жауапты редактор: Б.К. Сұлтанов
Құрастырған: К.М. Кильмакаева
Ғылыми конференция материалдарының жинағы Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығының қолдауымен жарық көрді.
Бұл жинақ 2021 жылы 2 маусымда Алматыда өткен «Қытай Коммунистік партиясына 100 жыл — күрес пен жеңістер жылдары» ғылыми конференциясының баяндамалары негізінде дайындалды.

Кітапты мына жерде таба аласыз.