Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Жаңартылатын энергия мен энергия тиімділігін стратегиялық басқару

Факультет инжиниринг және ақпараттық технологиялар
acquin.png
/media/60cc225b1e164.png

Бұл Орталық Азиядағы жаңартылатын энергетика және энергия тиімділігі менеджменті саласындағы алғашқы мамандандырылған магистрлік бағдарлама. Осы білім беру бағдарламасының (ББ) ерекшелігі - біз жаңартылатын энергетика объектілерін құру және менеджмент бойынша, сондай-ақ «жасыл» энергетиканы дамытуға байланысты мәселелердің оның ішінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселесін қоса, барлық кешенін басқару бойынша теориялық және практикалық білім мен дағдыларды алатын техникалық (инженерлік, энергетикалық) білімі бар студенттерді, бакалаврларды оқытуға шақырамыз.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі DKU-ға осы магистрлік бағдарламаға 2020 жылы лицензия берді.

Аталған білім беру бағдарламасы Германияның жетекші университеттерімен тығыз ынтымақтастықта құрылған және оны Германияның Сыртқы істер министрлігі мен USAID «Орталық Азия энергетикасы» (USAID Power Central Asia) өңірлік бағдарламасы қолдайды.

Бағдарламаның мақсаты

Білім беру магистрлік бағдарламасы озық экономикалық және басқарушылық тәсілдерді қолдана отырып, стратегиялық және инновациялық менеджмент, энергетикалық желілердің энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру және жаңартылатын энергияның орталықтандырылмаған көздері дағдыларын пайдалана отырып, жаңартылатын энергетика объектілерін басқаруға қабілетті, жаңартылатын энергетика мен энергия тиімділікті стратегиялық басқару саласындағы халықаралық деңгейдегі жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.

Бұл магистрлік бағдарламаның маңызды ерекшелігі неміс тәжірибесін Қазақстанға және жалпы Орталық Азияға беру болып табылады, өйткені Орталық Азия елдерінде жаңартылатын энергия көздерін басқару саласында магистр даярлауға арналған мамандандырылған бағдарламалар әлі жоқ.

Өтініш беруге кім шақырылады?

«Инженерия және технологиялар», «Жылу энергетикасы», «Электр энергетикасы» мамандықтары және басқа да инженерлік және экологиялық мамандықтар бойынша бакалаврлар мен магистрлер, сондай-ақ Қазақстанда және Орталық Азияның басқа да елдерінде «жасыл» энергетиканы ілгерілеткісі келетін жаңартылатын энергетика жөніндегі компаниялар мен мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері. Сонымен қатар, экономикалық және менеджмент мамандықтарының өкілдерін оқытуға шақырамыз.

Бағдарламаның артықшылықтары:

  • Неміс жоғары оқу орындарымен және DKU профессорларымен, сондай-ақ бизнес өкілдерімен ынтымақтастықта әзірленген.
  • Германияның осы саладағы тәжірибесін ОА өңіріне беру, өйткені өңір елдерінде жаңартылатын энергия көздерін басқару саласында магистрлерді даярлауға арналған мамандандырылған бағдарламалар жоқ.
  • Дәрістерді жетекші неміс университеттерінің оқытушылары жүргізеді.
  • Қазақстанның энергетикалық секторындағы жетекші компаниялардан шақырылған дәріскерлер.
  • Оқу, тұру, тамақтану және көлік шығындарын толығымен өтейтін 10 USAID стипендиясы.

Түсу шарттары:

Келесі құжаттар (сканерленген көшірмелер) Қазақстаннан үміткерлер үшін 2024 жылғы 30 шілдеге дейін және Орталық Азиядан үміткерлер үшін 2024 жылғы 10 тамызға дейін renenergy@dku.kz және admission@dku.kz мекенжайларына ұсынылуы тиіс:

  • Дипломның түпнұсқасы қосымшасымен, дипломның нотариалды куәландырылған көшірмелері қосымшасымен және орыс тіліне аудармасымен.
  • 075у медициналық анықтамасы.
  • Жеке куәліктің және/немесе төлқұжаттың көшірмесі (+ ресми түрде орыс тілінде аударылған көшірмесі - шетелдік студенттер үшін).
  • 6 төлқұжат фотосуреті (3×4 см).
  • Түйіндеме (жұмыс тәжірибеңізді және ғылыми мақалаларыңызды көрсететін).
  • Ағылшын тілі. TOEFL 560 немесе IELTS 6 сертификаты (мұндай сертификат болмаған жағдайда, үміткер DKU-да ағылшын тілінен емтихан тапсырады).
  • «Орталық Азияның жаңартылатын энергетикасын дамыту» тақырыбына эссе (2 бет, «Times New Roman» қарпі, 12 қаріп өлшемі, ағылшын тілінде).
  • Мотивациялық хат (ағылшын немесе орыс тілінде).
  • Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (болған жағдайда).
  • Жұмыс орнынан кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі (бар болса).
  • Тіркеу куәлігінің/әскери билеттің көшірмесі (ер адамдар үшін).
  • ҚР БҒМ кешенді тестілеу ақысын төлегені туралы түбіртек (Қазақстан азаматтары үшін).

Оқуға түсуге қатысты барлық сұрақтар бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:

Алексей Кобзев, жаңартылатын энергетика және климаттың өзгеруі жөніндегі жобалардың менеджері, kobzev@dku.kz

Динара Шахметова, shakhmetova@dku.kz

/media/xwKJ2_xR1a0P-Q2.jpg
/media/E_QLlVSvHWKKozu.jpg

Модули

  • Жоғары мектеп психологиясы мен педагогикасы

  • Ғылым тарихы және шет тілі

  • Озық технологиялар

  • Жаңартылатын энергия көздері

  • Инновациялық, стратегиялық және операциялық менеджмент

  • Экономика және энергетиканы басқару

  • Бизнес аудит және инвестициялық талдау

Мансап

Бағдарлама түлектері жаңартылатын энергия көздері мен энергия тиімділігі және осы салаға қатысты консалтингтік қызметтер бойынша бизнес-компаниялар мен кәсіпорындарда мансап құруға мүмкіндігі бар.

Осы магистрлік бағдарламаның басты ерекшелігі жаңартылатын энергия көздері саласындағы бизнес және өнеркәсіп өкілдерімен тығыз ынтымақтастық және осы бағдарлама түлектеріне қажетті дағдыларды айқындау үшін еңбек нарығының қажеттіліктерін тұрақты бағалау болып табылады.

  • about-icon

    Германиядан оқытушылар

    DKU-да Қазақстаннан ешқайда шықпай-ақ, Германиядан шақыртылған оқытушылардан білім аласыз

  • about-icon

    Оқуды шетелде жалғастыру

    Германияда іс-тәжірибе мен тағылымдамадан өту мүмкіндігінің болуы, ал бакалавриатты аяқтағаннан кейін сол жерде не басқа елдерде оқуды жалғастыру.

Сұрақтарыңыз бар ма?