Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Орталық туралы

Университетке дейінгі және кәсіптік білім беру орталығы (УДКББО) — Қазақстан, Орта Азия және басқа да аймақтардан келген талапкерлер мен студенттерге жоғары оқу орнына дейінгі және кәсіптік дайындықты бакалавриат және магистратура бағдарламаларында және / немесе кәсіптік даму бағдарламаларында әрі қарай білім алу мақсатында қамтамасыз ететін DKU оқу бөлімі.

Орталықтың мақсаты талапкерлердің білім сапасын арттыру үшін жағдай жасау, болашақ мамандығына мотивациялық бағдар қалыптастыру, толық және терең кәсіптік бағдар беру, оқуға қабылдау және одан әрі оқуға қажетті теориялық білімі, практикалық және тілдік дағдылары бар DKU әлеуетті студенттеріне білім беру.

ЖОО дейінгі дайындық бағдарламасы шет тілін (ағылшын, неміс) және орыс тілін (магистратураның шетелдік үміткерлері үшін), сонымен қатар бакалавриат пен магистратурада оқуды жалғастыру үшін міндетті және қажет оқу бағыттары бойынша жеке кіріспе пәндерін қамтиды.

Байланыс мәліметтері:
Алматы, Пушкин көш., 111
+7 (727) 355 05 51 (ішкі 231)
Электрондық пошта: kruglik@dku.kz