Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Ғылыми зерттеу бағыттары

Қазақстан-Неміс университеті (DKU) жеке пәндер негізінде де, бірлескен зерттеулерде де инновациялық іргелі зерттеулердің әлеуетін белсенді түрде дамытуда. Қарқынды ғылыми байланыстар ұлттық және халықаралық деңгейлерде, университеттермен, ғылыми-зерттеу институттармен және бизнеспен серіктестік арқылы жүзеге асырылады.

Университеттің ғылыми әлеуеті оның факультеттерінде, ғылыми-зерттеу институттарында және ғылыми зертханаларда жатыр. Соңғы жылдары біздің студенттер мен магистранттар қатысуымен DKU ғалымдарына іргелі және қолданбалы зерттеулер үшін берілген гранттар саны артып келеді.

DKU-дың бір ерекшелігі - бұл зерттеу мен тәжірибе жинауға бағытталған оқытудың өзара тығыз байланысы. Университет құрылғаннан бастап ғылыми зерттеулердің басым бағыттары бойынша факультеттерде, сондай-ақ өзінің ғылыми-зерттеу институттары негізінде іргелі және қолданбалы зерттеулерді кеңейтуі бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі. Жалпы, университеттің ғылыми қызметі Қазақстан мен Орта Азия аймағының тұрақты дамуына ықпал етуге бағытталған.

Университеттегі ғылымды дамытудың маңызды факторы ұлттық және халықаралық ұйымдар мен мекемелердің гранттары арқылы сыртқы қаржыландыруды тарту, ғылыми өнертабыстарды коммерциализациялау және трансферлеу болып табылады.

Қосымша ақпаратты мына жерден алуға болады:

Ғылым және технологиялар трансфері жөніндегі проректор
Т.ғ.д Бейменбетов Серік Туруспекович
E-mail: beimenbetov@dku.kz
Тел .: +7 (727) 355 05 51 (ішкі 238)

Ғылым және инновациялар жөніндегі директор
Т.ғ.к. Тюлюбаева Динара
E-mail: tyulyubayeva@dku.kz
Тел .: +7 (727) 355 05 51 (ішкі 218)

Кеңсе
Садуакасова Акбота
E-mail: saduakassovaa@dku.kz
Тел .: +7 (727) 355 05 51 (ішкі 234)