Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

ЖУ туралы

Жазды Еуразияның жүрегінде орналасқан заманауи, космополиттік және әсем Алматыда өткізіңіз!

Қазақстан-Неміс Университеті (DKU) сіздерге оқытушылардың кәсіби жетекшілігімен халықаралық ортада өзіңіздің біліміңізді және тәжірибеңізді арттыруға бірегей мүмкіндік береді. Сізде өз идеяларыңызбен және зерттеулеріңізбен бөлісіп, әлемнің түкпір-түкпірінен келген әріптестермен танысуға және болашақ жобаларыңыз үшін пайдалы болатын желіні құруға мүмкіндігіңіз болады.

Әр Жазғы Университет саясатқа, экономикаға, қоғамға, қоршаған ортаға және технологияларға қатысты тақырыпқа арналады және берілетін курстардың өзіндік жеке құрылымы болады. Барлық курстар ағылшын тілінде оқытылғандықтан, қатысушылардан ағылшын тілін жетік меңгергенін дәлелдейтін құжаттарды ұсынғанын сұраймыз.

Германиядан және Орталық Азиядан студенттерді, жас ғалымдарды/мамандарды Жазғы Университетке қатысуға шақырамыз!


Елена Асмус
int_office@dku.kz

Айжан Уазиева
visa@dku.kz

Тел.: +7 727 355-05-51 (вн. 242)