Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Диплом үлгісі

2021 жылы Қазақ-Неміс университетінің түлектеріне берілетін білім туралы құжаттардың сипаттамасы:

1. Қорытынды аттестаттаудан өткендігі туралы куәландыратын және білім алушылардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгергенін растайтын білім туралы құжаттардың (бұдан әрі — құжаттар) түрлері бакалавр дипломы, үздік бакалавр дипломы, магистр дипломы, магистр дипломына куәлік болып табылады.

2. Дипломдардың құрамысы:

1) Қатты мұқаба

2) қосымша бет

3) қосымшалар.

3. Құжаттың мұқабасы үздік бакалавр дипломы үшін — қызыл түспен;
кәдімгі үлгідегі бакалавр дипломы үшін — қою көк түспен,
магистр дипломдары үшін-күрең қызыл түспен дайындалады.

4. Құжаттардың барлық түрлерінің мұқабасы алтын түспен орындалады, келесі элементтер орналастырылады:

1) Қазақ-Неміс университетінің логотипі

2) құжат түрінің атауы «ДИПЛОМ»

5. Қосымша парақтардың, бланкілердің қорғаныш дәрежелері бар арнайы қағазда (сутаңба) басылады:

1) бозғылт-қызғылт түсті үздік бакалавр дипломы және магистр дипломының қосымша беттері

2) бозғылт-көк түсті кәдімгі үлгідегі бакалавр дипломның қосымша парақтары

6. Дипломның қосымша беттердің беткі жағында:

1) Қазақ-Неміс университетінің логотипі

2) мемлекеттік тілде құжаттың түрінің атауы

7. Қосымша беттердің артқы жағында, төменгі сол жақ бұрышында QR-коды орналасқан.

8. Қосымша беттердің ішкі жағында, дипломның оң және сол бөлігінде, төменгі жағында дипломның сериясы мен нөмірі орналастырылады.

9. Білім туралы құжаттарға қосымшалар бланкілерінің беткі жағында, жоғарғы оң жақ бұрышында Қазақ-Неміс университетінің логотипі және ACQUIN халықаралық аккредиттеу агенттігінің логотипі орналасқан.