Магистратураға түсу шарттары
DKU магистратурасына түсу үшін қажет:
- Қабылдау комиссиясына құжаттардың толық пакетін тапсыру;
- ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген магистратураға түсуге арналған кешендік тестілеуді (КТ) тапсыру (кемінде 50 балл жинау);
- DKU-да ағылшын тілін білуі жөнінде тестілеу мен сұқбаттасудан өту;
- Қалауы бойынша Германия Академиялық алмасу қызметінің шәкіртақысын алуға өтініш жазу (оқу ақысының ішінара ақшалай төлемақысы) қажет;
- Магистратураға түсуге өтініштер 2020 жылдың 15/06/2020 — 15/07/2020 арасында қабылданады.
Білім беру бағдарламаларының тобы
M072 Менеджмент және басқару |
Су қорларын біріктіріп басқару |
M072 Менеджмент және басқару |
Аймақтық процесстерді басқару |
M072 Менеджмент және басқару |
Кәсіпорының халықаралық менеджменті |
M152 Логистика (сала бойынша) |
Логистика |
M152 Логистика (сала бойынша) |
Ресурс үнемдеу өндірістік логистика |
M074 Қаржы, банктік және сақтандыру ісі |
Қаржы |
Магистратураға түсу үшін құжаттар пакеті:
- Диплом түпнұсқасы қосымшасымен (өзімен бірге білімі туралы құжаттарының көшірмесі болуы қажет);
- Жеке куәлік көшірмесі;
- Фотосурет 3*4 (6 дана);
- Түйіндеме (қысқаша өмірбаяны);
- Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі;
- Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс қағазы немесе еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі (бар болса);
- Тіркеу куәлігінің/әскери билеттің көшірмесі (ерлер үшін);
- ҚР БжҒМ емтихан тапсыру үшін төлем жасағаны туралы түбіртек
- ҚР БҒМ бекітілген ағылшын тілінен тест тапсырғаны туралы халықаралық сертификат (бар болған жағдайда);
- Мекенжай анықтамасы (байқауға қатысуға ниет білдірген басқа қаладан келген магистранттарға);
- Уәждемелік хат (орыс тілінде).
DKU оқуға түсу және оқу шарттары туралы толық ақпаратты қабылдау комиссиясынан ала аласыз:
Тел.: + 7 (727) 355 05 51 (ішкі 229)
E-mail: admission@dku.kz