Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Орталығы туралы

Табиғи ресурстар және тұрақты даму орталығы Орталық Азиядағы жаратылыстану ғылымдарының зерттеушілерін дамытуға, аймақ елдеріндегі табиғи ресурстарды басқару проблемалары бойынша ғылыми және практикалық әлеуеттің дамуына, сонымен қатар халықаралық, аймақтық және қазақстандық ғылыми ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Осы мақсаттарға жету үшін институт келесі әрекеттерді қолға алды:

Табиғи ресурстар саласында ғылыми және кәсіби желіні қолдау және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін алаңдар құру (оқытушылар, жас зерттеушілер, сарапшылар және ОАСРИБ магистрлік бағдарламасының түлектері); Қазақстан Республикасының, Орталық Азияның және шет елдердің аймақтық ынтымақтастығының мәселелерін зерделеу; Саяси, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, геоақпараттық және техникалық аспектілерді қамтитын су ресурстарын басқару мәселелері бойынша ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, шеберлік сыныптарын ұйымдастыру және өткізу; Жоғары оқу орындарының оқытушыларын, өнеркәсіп мамандары мен мемлекеттік органдардың өкілдерін су ресурстарын интегралды басқару (СРИБ) саласындағы халықаралық және аймақтық сарапшыларды тарту арқылы біліктілігін арттыру; Орталық Азиядағы су зерттеулерінің журналы негізінде ғылыми жарияланымдар шығару.

Толығырақ: http://www.academic-waters.org/