Размер шрифта:

Цветовая схема:

Басшылық

Проф. Др. Роммель Волрад

DKU президенті


Ажибаева Асель

Ректор

Ажибаева Асель Ауэзовна экономикалық ғылымдар бойынша кандидаттық дәрежесін 2010 жылы алды. Кандидаттық диссертациясы «Қазақстанның өсімдік шаруашылығындағы сақтандырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмін жетілдіру (Алматы облысы материалдарының негізінде)» тақырыбына арналды. Оның оқытушылық және ғылыми қызметі 1998 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында «Құрылыстағы экономика» кафедрасында басталды. Ол Қазақстан-Неміс университетінде университет құрылғаннан бастап 20 жылдан астам жұмыс істейді.


Бейменбетов Серик

Зерттеулер жəне инновацияларі жөніндегі вице-президенті

Доктор Серик Бейменбетов өзінің философия докторы дәрежесін Ұлыбританияның Эксетер университетінің саясаттану және халықаралық зерттеулер бөлімінде алды. Бұған дейін ол Фрайбург қаласындағы Альберт Людвиг атындағы Университетінде (Германия) және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде саясаттану, қазіргі және жаңа тарихы мен халықаралық қатынастарды зерттеген. DKU-ға келгенге дейін ол Орталық Азияның Американдық университетінде (ОААУ, Бішкек, Қырғызстан) және Орталық Азия университетінде (ОАУ, Бішкек, Қырғызстан) сабақ берген.


Барбара Януш-Павлетта

Халықаралық ынтымақтастық жəне тұрақты даму жөніндегі вице-президенті

2011 жылдан бастап доктор Барбара Януш-Павлетта DAAD (Германия академиялық алмасу қызметі) атынан Алматы қаласындағы Қазақ-Неміс университетінде Орталық Азиядағы су ресурстарын бірігіп басқару бойынша өңірлік магистрлік бағдарламаны құрып, басқарады. 2016 жылдан бастап ол ЮНЕСКО-ның Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару бойынша төрағасы болып табылады. Оның оқытушылық және зерттеу салалары құқықтық шеңберді және институционалдық мемлекетаралық ынтымақтастықты қамтиды. 2004 жылдан бастап оның есебінде әртүрлі дереккөздерде, оның ішінде шетелдік дерекөзде 35-тен астам ғылыми жарияланымдары бар.
Қазіргі уақытта доктор Барбара Януш-Павлетта сонымен қатар, Орталық Азиядағы суды зерттеу журналының (CAJWR) бірлескен редакторы болып табылады, бұл Орталық Азия аймағындағы су ресурстарын басқарудың барлық аспектілеріне арналған ашық қол жетімді электрондық журнал болып табылады. Барбара Януш-Павлетта «Даму үшін табиғи ресурстарды тұрақты басқарудағы халықаралық құқықтың рөлі" комитеті шеңберінде Ғаламдық су әріптестігінің техникалық комитетінде (ҒСУ) және Халықаралық құқық қауымдастығының мүшесі болып табылады.


Розанова Светлана

Қаржы-әкімшілік басқармасының директоры