Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Қалай қатысуға болады

Бағдарламадан орын алу үшін үш кезеңнен тұратын конкурстық іріктеуден өту қажет:

  1. Неміс тілін білуі туралы TestDaF тесті

  2. Өтініш беру:
    - Lebenslauf / неміс тілінде түйіндеме;
    - Motivationsschreiben / неміс тіліндегі уәждемелік хат;
    - TestDaF сертификатының көшірмесі.

  3. Іріктеу кезеңі. Жеңімпаздарды құрамында DKU жетекшілері мен серіктес жоғары оқу орындарының, сондай-ақ DAAD Германия академиялық алмасу қызметінің өкілдері бар арнайы комиссия анықтайды.

* Барынша толық ақпаратты мына жерден қараңыз.

Бағдарламаға қатысу тегін. Германиядағы серіктес жоғары оқу орнында оқуға студенттерге шәкіртақы төленеді.
«Қос диплом» бағдарламасы — неміс үлгісіндегі диплом және Германияда оқу сияқты өте құнды тәжірибе, бұл DKU студенттері үшін бірегей мүмкіндік.