Размер шрифта:

Цветовая схема:

Бакалавриатқа түсу шарттары

ҰБТ өту

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сертификаты оқуға түсудің міндетті шарты болып табылады:

  • ағымдағы жылғы мектеп түлектері үшін;
  • өткен жылдардағы мектеп бітірушілері мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері үшін.

ЖОО-ға түсу үшін тестілеу кезінде кем дегенде 50 балл жинау қажет. Бұл ережені ҚР білім және ғылым Министрлігі бекіткен. Бейіндік пәндерді оқуға түскіңіз келетін мамандыққа сәйкес таңдау қажет.

DKU мамандықтарына ҰБТ-ға бейіндік пәндер

Білім беру бағдарламаларының тобы

DKU мамандықтар

DKU мамандықтарына ҰБТ-ға бейіндік пәндер

В140 Халыкаралық қатынастар және дипломатия

Халыкаралық қатынастар

дүниежүзі тарихы мен ағылшын/неміс тілі

В046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі

Қаржы

математика мен география

В044 Менеджмент және басқару

Кәсіпорының менеджменті

математика мен география

В047 Маркетинг және жарнама

Маркетинг

математика мен география

В057 Ақпараттық технологиялар

Телематика

математика мен физика

В057 Ақпараттық технологиялар

Экономикадағы ақпараттық инжиниринг

математика мен физика

В057 Ақпараттық технологиялар

Mobile computing

математика мен физика

В062 Электр техникасы және энергетика

Энергетикалық және экологиялық техника

математика мен физика

В095 Көлік қызметтері

Көлік логистикасы

математика мен география

В095 Көлік қызметтері

Өндірістік логистикасы

математика мен география

DKU стипендиясын алу үшін байқау

DKU оқуға және және басқа қалалардан келгендерге тұруға стипендияларын алуға арналған байқауға қатысуға ниет білдірген тұлғалар тестілеуден өтуі керек. Тіркеу үшін құжаттар пакетін жинап, оны қабылдау комиссиясына байқау басталғанға дейін кемінде жеті күн бұрын ұсыну қажет.

Стипендия алуға байқау тестілеу түрінде өткізіледі.

Экономика және кәсіпкерлік факультеті

  • математика
  • география
  • шет тілі (ағылшын және/немесе неміс тілі)

Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті

  • математика
  • физика
  • шет тілі (ағылшын және/немесе неміс тілі)

«Өндірістік логистика» және «Көліктік логистика» білім беру бағдарламаларына түсуге ниет білдірген талапкерлер келесі пәндерді тапсырады:

  • математика
  • география
  • шет тілі (ағылшын және/немесе неміс тілі)

Әлемдік саясат факультеті

  • Қазақстан тарихы
  • дүниежүзілік тарихы
  • шет тілі (ағылшын және/немесе неміс тілі)

2020 жылға DKU стипендиясын алуға арналған байқау күндері

  • 15 сәуір
  • 13 мамыр
  • 05 маусым
  • 17 маусым
  • 08 шілде
  • 22 шілде
  • 04 тамыз
  • 11 тамыз
  • 18 тамыз

Байқау нәтижелері екі кезеңде жарияланады. 11 наурыздан 11 тамызға дейін тестілеуден өткен талапкерлердің нәтижелері ағымдағы жылдың тамыз айының соңында жарияланатын болады. 18 тамызда тестілеуден өткен талапкерлер байқау нәтижелерін ағымдағы жылдың қыркүйек айының ортасында білетін болады.

Бакалавриатқа түсу үшін құжаттар пакеті

  • жалпы орта білім туралы аттестат /колледж дипломы;
  • ҰБТ сертификаты;
  • жеке куәлік көшірмесі;
  • егу картасының көшірмесі;
  • фотосуреттер 3×4 (6 дана);
  • түйіндеме;
  • тіркеу куәлігінің көшірмесі (ұл балалар үшін);
  • мекенжай анықтамасы.

DKU оқуға түсу және оқу шарттары туралы толық ақпаратты сіз қабылдау комиссиясынан ала аласыз:

Тел.: + 7 (727) 355 05 51 (ішкі 229)

E-mail: admission@dku.kz