Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

CV қалай дұрыс жазу қажет

Мансап орталығының кеңестері

Жас мамандарды жұмыспен қамтуда үлкен тәжірибеміз бар. Біздің студенттеріміз үшін де арманындағы жұмыс табуға пайдалы әрі ұтымды бірнеше кеңес дайындадық.

Ең маңыздысы — іздеу стратегиясы:

Сіз тіпті рекрутинг агенттігіне жүгінген болсаңыз да, екінші жағынан қоса қабат ұдайы өзбетіңізше жұмыс, іс-тәжірибе, тағылымдама іздей беріңіз. Біздің тәжірибеміз бойынша, бұл бірнеше есеге іздеу тиімділігін арттырады.

Бірден бірнеше ресурстарды пайдалану маңызды. Біз сізге қолайлы болуы үшін онлайн-платформалардың рейтингін жасадық мына жерде. Бұдан басқа -«Мансап» бөлімінде бос жұмыс орындары мен тағылымдамалар туралы жаңа және өзекті ақпарат шығып отыратындықтан, сізді қызықтыратын компаниялардың ресми сайттарын бақылап отыруға кеңес береміз. Бұл жұмысты жеңілдету үшін тікелей сілтемелердің тізімін жасауға болады.

Бастысы — тез арада табу емес. Іздеу жұмыстары тіпті екі аптаға созылып кетсе де, бұл қалыпты жағдай.

Ең маңызды ұсынысымыз кәсіби байланыстарды кеңейтуге қатысты болса керек. Міндетті түрде өзіңіздің мамандығыңызға байланысты кездесулерге, шеберлік сыныптары мен іс-шараларға қатысыңыз. Қаншалықты кәсіби контактілеріңіз көп болса, соншалықты сәтті мансап құруға мүмкіншілігіңіз мол.

Түйіндеме — сіздің визит карточкаңыз

Түйіндеме — сіз туралы әлеуетті жұмыс берушінің алғашқы әсері. Оны барынша тиімді жасауға күш жігеріңіз бен уақытыңызды аямаңыз. Табысты түйіндеме жасауға бірнеше пайдалы кеңестер:

  1. Өзіңіз туралы тек шын ақпаратты ғана жазыңыз;
  2. Түйіндемеде жазатын жұмыс тәжірибеңіз әлі болмаса, онда оқу кезінде өткен тағылымдамалар мен оқу тәжірибеңізді көрсетіңіз. Бұл тармақты толық ашып: қай компанияда қашан тағылымдамадан өттіңіз, қандай міндеттерді орындадыңыз және не үйренгеніңізді жазыңыз. Бұл ақпарат сіздің дағдыларыңыз бен ептілігіңізді көрсетеді.
  3. Қоғамдық қызметіңіз туралы әңгімелеңіз. Студенттік бірлестіктегі өзіңіздің тәжірибеңізді ашып жазыңыз. Университет жанындағы студенттік кеңестегі, қалалық және аудандық жастар бірлестіктеріндегі немесе еріктілер қызметіндегі тәжірибеңізді де көрсетіңіз. Осы процесте жұмыс берушіңізге пайдалы: командада жұмыс істеу, бастамашылдық, шешім қабылдай алу және оған жауапкершілікті болу, идеяларды түрлендіру мен іске асыру, процестерді бақылау, жоспарлау, есептер жасау сияқты бойыңыздағы жақсы қасиеттеріңізді міндетті түрде көрсетіңіз. Университет қабырғасындағы оқу барысында тәжірибе жинамаймыз деген ой жалған. Бастысы оны көрсете алу.
  4. Емле мен құжаттың форматталуына мән беріңіз. Кейде кішігірім қатенің өзі сіз туралы жаман әсер қалдыруы мүмкін.

Түйіндемені жазу үшін арнайы сіз үшін жасалған үлгіні не CV Maker пайдалануыңызға болады. Орыс және ағылшын тіліндегі үлгіні мына жерден қараңыз.

Ілеспе хат — міндетті элемент

Ілеспе хат (Cover letter) — өзіңізді мықты және қызығушылығы жоғары кандидат ретінде көрсете алатын, көптеген ізденушілер арасынан сізді айрықшаландыратын мүмкіндік. Оны барлық ережелері бойынша құрастыру үшін біздің кеңестерімізді пайдалануға ұсыныс жасаймыз:

  1. Хат мәтіні анық, қысқы да нұсқа болуы қажет. Құрылымында «үш тарау/бөлім» ережесін ұстануға тырысыңыз. Сіздің хатыңызды соңына дейін оқымау қаупі болатындықтан, тым ұзақ болмауы тиіс. Сондай ақ екі ғана сөйлемшемен шектелуге де болмайды. Оңтайлы көлемі А4 парағының жартысы;
  2. Хатыңыздың құлшынысыңызды, қызығушылығыңыз бен уәждемеңізді толық аша алатынына көз жеткізіңіз. Неліктен аталмыш позицияға ұмтылып отырғаныңызды дұрыс жазылған хат қашанда түсіндіріп бере алады;
  3. Өзіңіздің түйіндемеңізді ілеспе хатқа көшіру — үлкен қателік. Маңызды жетістіктер мен жобаларға ой жинақтау жақсырақ болмақ;
  4. Орфография мен тыныс белгілері мінсіз болуы қажет! Өйткені сауатсыз үміткер атанғыңыз келмейді ғой.