Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Институт туралы

Қазақ-Неміс тұрақты инженерлік ғылымдар институты (KINI)

Ақтауда Қазақ-Неміс тұрақты инженерлік ғылымдар институты (KINI) ашылды.

Жаңа оқу орнын Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті мен Қазақстан-Неміс университеті (DKU) бірлесіп құрды.

Қазақ-Неміс тұрақты инженерлік ғылымдар институты болашақтың технологияларын әзірлеуге және Қазақстанда қолданбалы инженерлік білім берудің неміс моделін енгізуге бағытталған. Институт сонымен қатар Маңғыстаудың тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуына ықпал ететін зерттеулер мен инновацияларға назар аударатын болады.

Қазақ-Неміс университеті (DKU) жаңа Қазақ-Неміс тұрақты инженерлік ғылымдар институтымен ынтымақтасатын жетекші неміс техникалық университеттерінің серіктестер желісін құруға жәрдемдесті. Бұл желіге Гамбург қолданбалы ғылымдар университеті (HAM Hamburg), Берлин техникалық университеті (TU Berlin), Дармштадт Техникалық Университеті (TU Darmstadt) және Вилдау техникалық университеті (TH Wildau) кіреді.

2023 жылы институтта екі білім беру бағдарламасы іске қосылды: «Энергетикалық және экологиялық инженерия» және «Логистика». Олар Маңғыстауда жасыл сутекті өндіру үшін мамандар даярлауға және Каспий теңізі арқылы Қытайдан Еуропаға орта көлік дәлізі үшін логистиканы дамытуды қолдауға бағытталған.

Жасыл сутегі саласында Қазақ-Неміс тұрақты инженерлік ғылымдар институты Маңғыстауда жасыл сутегі өндіретін зауыттың құрылысын бастайтын және өңірде әлемдегі ең ірі жел және күн энергиясы мега-саябақтарының бірін құруды жоспарлап отырған SVEVIND неміс-швед компаниясы үшін мамандар дайындайтын болады.

Байланыс:

Ақтау қаласы, 32 шағын аудан, Бас ғимарат
E-mail: dki.aqtau@gmail.com
Телефон: +7 (707) 362 25 10