Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DAAD жобасының даму тарихы

Қазақстан-Неміс Университеті (DKU) неміс университеттерімен бірлесіп жүзеге асырылатын әртүрлі жобалар аясында DAAD және Германия СІМ тарапынан қаржылай қолдауды бұрындары алған болатын. Қаржыландырудың алғашқы жылдарында негізгі назар DKU-дың құрылымдық, кадрлық және техникалық ұйымдастырылуына, сондай-ақ оқу бағдарламаларын тұжырымдамалауға және әрі қарай дамытуға аударылған. Кейін кадрларды дамыту, электронды оқыту, сапа менеджменті, ынтымақтастықтың ғылыми желісін дамыту және университеттің білім беру қызметтері нарығында ілгерілету сияқты басқа да аспектілері пайда болды.

Төменде DAAD-ның бұрыңғы жобалары көрсетілген:

03−12 / 2007
Жобаға дайындалу
Жобаның үйлестірушісі: Халықаралық қолданбалы ғылымдар институты (IHI), Циттау қаласы

2008−2012
«Алматы қаласындағы ҚНУ-да инновациялық оқыту бағдарламаларын енгізу (MP_Aufbau_DKU)«
Жобаның үйлестірушісі: Халықаралық қолданбалы ғылымдар институты (IHI), Циттау қаласы

2013−2014
«ҚНУ-да оқу жағдайларын жақсарту, әсіресе заманауи технологияларды қолдану» (MP_Aufbau_DKU)«
Жобаның үйлестірушісі: Халықаралық қолданбалы ғылымдар институты (IHI), Циттау қаласы — Дрезден техникалық университетінің орталық ғылыми мекемесі, Дрезден қаласы

2015−2016
«Қазақстан-Неміс Университетінің оқытушылары мен студенттерінің құзыреттілігін арттыру мақсатында білім мен ақпаратты қашықтықтан және университетің өзінде дамыту» (POWER)
Жобаның үйлестірушісі: Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университеті, Цвиккау қаласы

2017−2020
«DKU-дың құзіретін, кооперациясын және танымдылығын нығайту"
Жобаның үйлестірушісі: Шмалькальден қаласындағы қолданбалы ғылымдар университеті

Сіз DKU жобасының веб-сайтын төмендегі сілтемені басу арқылы таба аласыз:
www.dku-projekt.de