Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Еуропа кинофестивалі өтеді

Қазақстандағы Еуропалық Одақтың өкілдігі сіздерді 2019 жылы 5−7 қарашада Алматы қаласында өтетін жыл сайынғы Еуропалық кинофестивальға шақырады!

Сізді қызықты премьералар, сондай-ақ Еуропалық режиссерлер-Ренарсавимба (Латвия) және Каролин Тирион (Бельгия) ұсынған эксклюзивті шеберлік сыныптары мен баспасөз конференциялары күтеді!

Биылғы жылы біздің бағдарламаға Еуроодақтың 16 елінде түсірілген 16 фильм енгізілді. Ұсынылған фильмдердің барлығы беделді халықаралық кинопремиялардың жеңімпаздары болып табылады, соның ішінде 3 сыйлық лауреаты Сезар — «Ұсақ фермер», Давид ди Донателло — «Чамбра», «Порок надежды», Канн кинофестивалінің сын аптасы Гран-при иегері — «Диамантино», Локарно — «Рэй және Лиз» фестивалінің қазылар алқаларының арнайы сыйлығының иегері, Венециандық кинофестиваль сыйлығының иегері — «Әулие Георгий», Карловы Варыдағы фестивальдің үздік режиссурасы номинациясының жеңімпаздары — «Черта», «Зимние мухи», сонымен қатар, көптеген—Sundance, Бухарест, Словения, Словакия, Монреаль, Токио кинофестивальдерінің лауреаттары бар.

5 қарашада Фестивальді «Мен осындамын» (MellowMud) картинасы ашады. Олардың ішінде Берлин Халықаралық кинофестивалінің «14plus» санатындағы Үздік көркем фильмі үшін «Хрустальный медведь», «Үздік фильм», «Үздік сценарий» және «Үздік актриса» номинациялары бойынша Латвия ұлттық кинофестивалінің сыйлығы. Бұл жалғыздық, көңілсіздік және алғашқы махаббаттың сынақтары себеп болған ересек тарих.

6 қарашада кинематографистер мен режиссерлардан Ренарс Вимба (Латвия) және Каролин Тирион (Бельгия) киноөндіріс, питчинг және құжаттану әдістемесі бойынша барлық ниет білдірушілер үшін тақырыптық мастер-класстар өтеді. Семинар Тұран университетінің ғимаратында өтеді (Алматы, Сәтбаев көшесі, 16).

7 қарашада Фестивальді Каролин Тирионның «Мбудха» деректі фильмі жабады. Бұл фильм Анна Лодисуаның Конго Демократиялық Республикасына экспедициясының тарихын баяндайды.

Барлық фильмдер орыс тілінде субтитрлер бар түпнұсқа тілінде көрсетіледі.

Барлық көрсетулерге кіру-тегін (көрсету күні кинотеатр кассасынан тегін билеттер алу қажет).

Ашылу күні мен уақыты: 5 қараша 2019 ж., 18: 00

Өтетін орны: ChaplinCinema кинотеатры, MegaPark сауда ойын-сауық орталығы, Мақатаев көшесі 127/1, Алматы

Еуропалық кинофестиваль туралы толығырақ ақпарат Қазақстандағы Еуроодақ ресми бетінде Facebook-те қолжетімді: www.facebook.com/events/503134620265283/

Құрметпен,

Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақтың өкілдігі

Бөлісу