Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Елбасы Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында кездесу

2019 жылғы 2 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен ашық отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш рет мемлекет Президенті ретінде Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Бұл құжат қоғам үшін еліміздің алдағы кезеңге арналған даму мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын бағдар болады деп күтілуде.

Президент Жолдауының басты мақсаты — халықтың әл-ауқатын арттыру. Бұл ретте барлық жоспарланған реформалар біздің мемлекетіміздің нақты жағдайы мен мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізілетін болады.

Қазақстан Президенті өзінің Жолдауында бұрын сайлауалды тұғырнамада ұсынылған Бес институционалдық реформа мен Ұлт Жоспарын жүзеге асыру қажеттігін белгіледі:

  • I. ҚАЗІРГІ ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТ
  • ІІ. АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
  • II. ДАМУ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ ЭКОНОМИКА
  • IV. ЖАҢА КЕЗЕҢДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРТУ
  • V. КҮШТІ АЙМАҚТАР — КҮШТІ ЕЛ

Осыған байланысты студенттер, оқытушылар және шақырылған қонақтарға «дөңгелек үстел» басында кездесу қажеттілігі туындады. Бұл кездесу әрбір тілек білдірушіге өз ойларын айтуға, қызықтыратын сұрақтарды талқылауға, ақпаратпен бөлісуге, жоспарланған реформаларды іске асыру туралы жаңа нәрсе білуге мүмкіндік береді.

Осыған орай, 24 қыркүйекте Қазақстан-Неміс Университетінің Экономика және бизнес факультеті мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында кездесу ұйымдастырады.

Барлық ниет білдірушілер мен мүдделі оқытушыларды, бакалавриат студенттері мен магистранттарды өзекті мәселелерді талқылауға қатысуға шақырамыз.

Өткізілетін уақыты: 24 қыркүйек 2019 ж., сағ. 12:30
Өтетін орны: Қазақстан-Неміс Университеті, Алматы қаласы, Пушкин көшесі 111,
3 қабат, 27 ауд.

Барлық сұрақтар бойынша ұйымдастырушыларға хабарласыңыздар: экономика ғылымдары факультеті, Тел.: + 7 727 3550551 (ішкі 220), kabakanova@dku.kz ескерту.

Бөлісу