Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

SU және ҚНУ-дің бірінші халықаралық конференциясы: «Teaching Foreign Languages in the Era of Digitalization»

Өткізілу күні: 2019 жылдың 24−25 қазаны

Ақпараттық және сандық технологиялардың пайда болуы мен қарқынды дамуы арқасында, олардың қолданысына үлкен қажеттілік тууда, әсіресе білім саласында. Бұл конференцияның мақсаты шет тілдерін оқытуда инновациялық сандық технологияларды қолданып, заманауи ғылыми және қолданбалы үрдістерді талқылау үшін Қазақстан Республикасы мен басқа елдердің эксперттерін, ғалымдары мен тәжірибешілерін біріктіру болып табылады. Конференцияның тапсырмалары: жиналған тәжірибелермен алмасу, дигитализация дәуіріндегі шет тілдерін оқыту кезінде шақыруларды талқылау мен конструктивтік шешімдерді іздестіру, ынтымақтастықты бекіту және бірлескен зерттеулердің потенциалдық бағыттарын анықтау.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Digitalizing FL teaching in Kazakhstan: challenges and goals

2. Theories and practice of language acquisition in digital environment

3. Exploring a new role for teachers: teaching digital natives

4. The digital divide in classrooms: students vs. teachers

5. Pitfalls of digital transformation in FL acquisition

6. Contribution of digital technologies to autonomous language learning

7. Technologies in a flipped classroom

8. Digital opportunities for foreign language teacher development

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияның веб-сайты: https://tfl.satbayev.university/

Тезистерді ресімдеу бойынша:

Конференцияға қатысу үшін, 2019 жылдың 16 қыркүйегіне дейін өтініш формасын толтырып, conference2019su@gmail.com электрондық мекен-жайға жіберуіңіз қажет (І қосымшаны қараңыз). Тезистер баяндаманың қысқаша мазмұны мен маңызды сөздер тізімінен (7-ден аспауы тиіс) құрылуы керек. Баяндаманы конференцияның бағдарламасына қосу туралы әкімшілік комитет 2019 жылдың 1 қазанына дейін хабарлайды. Конференцияның аяқталуынан кейін, нәтижелер бойынша оның материалдарын жариялау жоспарлануда.

Конференцияның өткізілу орыны: Satbayev University, Алматы қ., Сәтпаев көш., 22a және Қазақстан-Неміс университеті, Алматы қ., Назарбаев д-лы, 173

Маңызды күндер:

Тезистер мен өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі - 2019 жылдың 16 қыркүйегі

Іріктелген қатысушыларды хабарландыру — 2019 жылдың 1 қазаны

Конференцияның өткізілу күні - 2019 жылдың 24−25 қазаны

Мақалаларды тапсырудың соңғы мерзімі - 2019 жылдың 25 қарашасы

Конференцияның әкімшілік комитеті:

Акмурзина Динара (СУ) +7 747 653 9426

Насырова Раушан (СУ) +7 707 636 8893

Калкаева Айжан (СУ) +7 778 788 2065

Токбергенова Бахыткуль (ҚНУ) +7 701 627 0074

Ақпараттық хат

Бізге колдау көрсеткен:

Бөлісу