Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Су ғылымдары және технологиялар бойынша ЕО желісінің тақырыптық кездесулері

2019 жылғы 11−15 қарашада аралығында Қырғызстанның Бишкек қаласында, «Су сапасы» және «Су, экожүйе және энергия» тақырыбына ЕО және Орталық Азия су ресурстары ғылымы мен техникасы бойынша желінің екі тақырыптық кеңесі өтті.

Орталық Азия өңірдің барлық елдерінің бірлескен күш-жігерін талап ететін судың сапасына, басқарылуына және қол жетімділігіне байланысты елеулі проблемаларға тап болып отыр. Ғылыми-техникалық ынтымақтастық осы проблемаларды шешуде, оның ішінде жаңашыл шешімдер беру, саясаткерлерді сенімді және шынайы деректермен хабардар ету және неғұрлым кең өңірлік ынтымақтастықты қамтамасыз ету жолымен шешуші рөл атқара алады. Осы тұрғыда су ғылымдары мен технологиялары бойынша Орталық Азия — ЕО желісі су ресурстары саласындағы ғылым мен технологияларға ерекше назар аудара отырып, Еуропа мен Орталық Азия саясаткерлері, зерттеу институттары мен университеттер, қаржыландыратын мекемелер, компаниялар, ҮЕҰ және жергілікті қауымдастықтар арасындағы диалогты нығайтуға бағытталған.

«Судың сапасы» атты тақырыптық семинар су сапасының түрлі аспектілеріне, оның ішінде заттарды тасымалдау; судың ластануы; ағынды суларды басқару; суды тазарту және сапаны бақылау үшін инновациялық шешімдерге арналды. Биоәртүрлілікті сақтау; сулы-батпақты алқаптар мен су экожүйелері; адам қызметінің әсері; гидроэнергетикалық шешімдер, Жерді қашықтықтан зерттеу «Су, экожүйе және энергия» атты тақырыптық семинарда талқыланды. Сектораралық мәселелер деректердің қолжетімділігі, үйлесімділік және қайта пайдалану мүмкіндіктері; дағдыларды дамыту, оқыту және тәрбиелеу; ғылыми-саяси кері байланыс; әлеуметтік-экономикалық мәселелер; зерттеулер мен инновацияларды қаржыландыру мәселелері.

Қазақ-Неміс университеті мен табиғи ресурстар институтының өкілдері Барбара Януш-Павлетта (халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс жөніндегі проректор), Алмас Кітапбаев (Орталық Азиядағы CAWa жобасының үйлестірушісі), Алексей Кобзев (жаңартылатын энергия жөніндегі жобалардың менеджері) және Лариса Когутенко (СРИБ магистрлік бағдарламасының үйлестірушісі) кеңеске қатысу және өз қызметінің нәтижелерін ұсыну үшін шақырылды.

Қорытынды кездесу 2020 жылдың ақпан айында Алматыда су ғылымдары мен технологиялар бойынша ЕО желісінің тақырыптық семинарларын аяқтайды.

Бөлісу