Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

СРИБ түлектерінің кездесуі 2019!

2019 жылдың 6−9 қыркүйек аралығында Орталық Азияда «Су ресурстарын интеграцияланған басқару» магистрлік бағдарламасы түлектерінің кездесуі өтті! Осы бірегей бағдарламаның сегіз жыл ішінде Орталық Азия мен Ауғанстанның барлық елдерінен 60-қа жуық студент оқуды аяқтап шықты.

Магистратураны бітіргеннен кейін түлектер өз туған елдеріне қайтып оралатындықтан, түлектердің кездесуі — бұл түлектер мен университет арасындағы байланысты қалпына келтірудің, сонымен қатар қазіргі студенттермен танысып, баға жетпес тәжірибемен бөлісудің тамаша мүмкіндігі!

Кездесудің алғашқы күнін түлектер туған университет қабырғасында өткізді, онда олар оқытушылармен кездесіп, жаңа студенттермен танысып, өздерінің жетістіктері мен магистратура бітіргеннен кейінгі өмірлері туралы айтып берді.

Екінші күні іс-шараның барлық қатысушылары Қапшағай қаласына барып, онда олар табиғатты ғана емес, сонымен қатар тиімді таныстыру және шешендік өнер дағдылары бойынша семинарға қатысуға мүмкіндік алды. Семинар барысында түлектер командаларда жұмыс жасап, әр түрлі байқаулар мен ойындарға қатысты, бұл іс-шараның барлық қатысушыларын біріктірді.

Іс-шара Іле өзенінің бойында орналасқан «Тамғалы-Тас» таңғажайып әдемі жеріне ұмытылмас сапар шегумен аяқталды. Барлық қатысушылар болашақ кездесулерге арналған өз әсерлерімен және идеяларымен бөлісіп, ол кездесулердің әрқайсысы одан да көп түлектерді біріктіретініне және тағы да ерекше және ұмытылмас болатынына сенімді!

Бөлісу