Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

СҒЗЖ 2020 конкурсы, Логистика, Халықаралық қатынастар

Қазақстан-Неміс университеті ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің 20.01.2020 жылғы № 16−5/217 хатына сәйкес жарияланған ҚР жоғары оқу орындарында «халықаралық қатынастар» және «Логистика» мамандықтары бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсын өткізу бойынша базалық ЖОО ретінде конкурстық құжаттарды қабылдаудың басталуы туралы хабарлайды.

Байқау жұмыстары «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстар» талаптарына сәйкес 2020 жылдың 6-шы ақпан мен 29-шы наурыз аралығында қабылданатын болады.

Конкурсқа жұмыстарды белгіленген мерзімде тапсыруды сұраймыз:

— қағазда («республикалық СҒЗЖ конкурсына» белгісімен) мына мекенжай бойынша: 050010, Алматы қ., Пушкин көшесі, 111/113, Қазақстан-Неміс Университет,Ғылым және инновациялық қызметі бөлімі (34 кабинет).
— электрондық тасығышта, еmail: tyulyubayeva@dku.kz

Толық ақпарат бойынша: +7 727 355 05 51, ішкі 231.

Бөлісу