Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Nestle компаниясы соңғы оқу жылының түлектері мен студенттерін тағылымдамадан өтуге шақырады

Nestle компаниясы соңғы оқу жылының студенттері мен түлектерін тағылымдамадан өтуге шақырады. Сіз табысты мансап құрғыңыз келеді ме?

НЕСТЛДЕГІ тағылымдама — бұл үлкен жұмыс тәжірибесін, пайдалы дағдылар мен білім алу мүмкіндігі, ең бастысы — ірі халықаралық компанияда мансап құру мүмкіндігі.

Егер сіз:

  • соңғы оқу жылының студенті немесе түлегі болсаңыз
  • аяқталған / аяқталмаған жоғары біліміңіз бар болса (экономика)
  • MS Office сенімді пайдаланушысы болсаңыз
  • ағылшын тілін білу деңгейіңіз Intermediate-тен төмен болмаса

Егер сіз келесі құзыреттерге ие болсаңыз:

  • жанасқыштық
  • бастамашылдық
  • нәтижеге бағдарлану
  • белсенділік

Ол кезде НЕСТЛДЕГІ тағылымдама — бұл сіздің әлемдегі ең ірі азық-түлік және сусындар өндіру компаниясының кәсіпқойлар командасына қосылу мүмкіндігіңіз.


Балалар тағамы департаментінің стажері

Сіз немен айналысатын боласыз?

  • бөлімге әкімшілік-техникалық қолдау көрсету
  • бастапқы құжаттармен жұмыс істеу
  • бөлімнің жобаларын жүргізуге жәрдемдесу
  • маркетингтік бастамаларды іске асыруға белсенді қатысу
  • балалар тағамы бөлімі өнімдерінің қаптамаларын /стикерлерін әзірлеу және бейімдеу
  • жеткізушілермен ынтымақтастық
  • жарнамалық материалдарға тапсырыс беру процесін басқару
  • жарнамалық материалдардың жіберілуін бақылау және ұйымдастыру
  • мердігерлер мен қызмет жеткізушілерден құжаттаманы басқару

Компания не ұсынады:

  • толық жұмыс күніне 4−5 ай мерзімге ақылы тағылымдама
  • компанияның нақты процестеріндегі жұмыс тәжірибесі
  • НЕСТЛЕ стандарттары мен қағидаларына жұмыс барысында үйрену

Медицина өкілдері бөлімінің стажері

Сіз немен айналысатын боласыз?

  • бастапқы құжаттармен жұмыс істеу (іссапарға бұйрықтарды, қызметтік жазбаларды, демалысқа өтініштерді ресімдеу және т.б.)
  • бөлімге әкімшілік-техникалық қолдау көрсету
  • есеп бөліміне құжаттарды ұсыну (келісім-шарт құжаттарын рәсімдеу, хаттамалар мен басқа да құжаттарды жүргізу)
  • бөлімнің жобаларын жүргізуге жәрдемдесу

менеджердің қызметін қамтамасыз ету (билеттерге, көліктерге тапсырыс беру, кездесулерді ұйымдастыру, келіссөздер жүргізу)

Компания не ұсынады?

  • толық жұмыс күніне 4 ай мерзімге ақылы тағылымдама
  • компанияда бастапқы позицияға одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігі
  • компанияның нақты процестеріндегі жұмыс тәжірибесі
  • НЕСТЛЕ стандарттары мен қағидаларына жұмыс барысында үйрену

Барлық мүдделі кандидаттарға түйіндеме мен ілеспе хатты DKU Мансап орталығының мекенжайына жолдауды сұраймыз- karrierezentrum@dku.kz

Бөлісу