Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Қазақстан-Неміс университеті мен Ұлттық ғылым академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум

11 қыркүйекте Қазақстан-Неміс университетінде DKU президенті профессор Волрад Роммель мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы басшылығының кездесуі өтті.

Ғылым академиясының атынан кездесуге ғылым академиясының президенті Закария Күнсұлу Далтонқызы, Ғылым академиясының вице-президенті Күрішбаев Ахылбек Нұрланұлы және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директоры Мұхтарова Анар Нұриділбайқызы қатысты. DKU тарапынан кездесуге Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Вице-президент Барбара Януш-Павлетта қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша DKU мен Ұлттық Ғылым академиясы арасында ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумда ынтымақтастықтың мынадай бағыттары көрсетілген: жер және ғарыш туралы ғылымдар, табиғи ресурстар және экология саласындағы ғылыми зерттеулер, сондай-ақ білім және әлеуметтік ғылымдар.

Кездесуде жалпы жобаларды үйлестіретін және ортақ мүдделері бар ғылыми тақырыптарды ілгерілететін ғылым академиясының жанынан Қазақстан-Неміс ғылыми орталығын құру туралы маңызды уағдаластыққа қол жеткізілді.

Тараптар бірлескен ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мәселелерін де талқылады.

Бөлісу