Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Нұр-Сұлтан қаласында Жасыл өсу форумы және Жасыл қаржы саласындағы көшбасшылық бағдарламасы

Қазақстан-Неміс Университеті 10−12 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Астана» халықаралық қаржы орталығының жасыл қаржы орталығы ұйымдастырған жыл сайынғы екінші Жасыл өсу форумына қатысады. ҚНУ жаңартылатын энергия көздерін тарату үшін білім беру мен бизнес арасындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу және оның салдарын жеңілдету бойынша бағытты дамытады.

Жасыл өсу форумы — бұл мемлекеттік билік органдарымен, ұйымдармен, өнеркәсіптік кәсіпорындармен, бизнеспен және жұртшылықпен қалдықтарды өңдеу және ТМД мен ЕЭО елдерінің «жасыл» экономикасына көшу мәселелері бойынша ашық диалогқа арналған халықаралық алаң.

Форум аясында жасыл қаржы, саясаткерлер және Шон Кидни (Climate Bond Initiative бас директоры және тең құрылтайшысы), Винсент Дуйнхауэр (ЕҚДБ энергия тиімділігі және климаттың өзгеруі департаментінің аға менеджері), Кэтрин Стюарт (Канадада климаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық ұйымның бас директоры), Майкл Шерен (Англия банкінің аға кеңесшісі), Морган Деспрес (Банк де Франс) және т.б. сияқты танымал тұлғалар қатысты.

Форум Орталық Азиядағы жасыл және тұрақты қаржылық дамуға әсер ететін маңызды мәселелерді талқылау үшін қаржылық реттеуіштерді, саясаткерлерді, қаржы мекемелерінің жоғары лауазымды мүшелерін және азиялық аймақтан басқа да маңызды мүдделі тараптарды, сондай-ақ Қытайдан, ЕО, Ұлыбританиядан және халықаралық ұйымдардан халықаралық сарапшыларды біріктіруге бағытталған. 2018 жылы бастау алған Жасыл өсу форумы Орталық Азиядағы жасыл өсу саласындағы жыл сайынғы басты оқиға және бүкіл әлемдегі жасыл қаржы жөніндегі мамандардың кездесу орны болды.

2018 жылы Экологиялық өсу жөніндегі бірінші форумға 40-тан астам мекеменің 300-ден астам қатысушысы олардың ішінде қазақстандық, шетелдік іскер топтардың, халықаралық ұйымдардың, қаржы мекемелердің және даму институттардың өкілдері жиналды. Биылғы Форум жасыл таксономияға, ең жақсы қолжетімді технологияларға, көміртегі шығарындыларының азайтуды дамытуға және т.б. қатысты тақырыптарды көрсетеді. Сондай-ақ форум аясында АХҚО-ның жасыл қаржы жөніндегі Консультативтік кеңесінің отырысы өтеді.

Сонымен қатар, 11−12 қыркүйекте Орталық және Оңтүстік Азияның қаржы жүйесін экологияландыру бойынша халықаралық семинар ұйымдастырылды. 2019 жылы жасыл қаржы саласындағы көшбасшылықтың 4-ші Жаһандық бағдарламасы (GFLP) ретінде бұл семинар Цинхуа университетімен, «Астана» халықаралық қаржы орталығымен және Ұлыбританияның бизнес, энергетика және өнеркәсіптік стратегиясы департаментінің қолдауымен Халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) бірлесіп өткізіледі.

Семинар «жасыл» қаржы туралы хабардарлықты арттыруға, халықаралық тәжірибе мен озық тәжірибе алмасуға, Орталық және Оңтүстік Азияда «жасыл» қаржыны дамытудың кедергілері мен нұсқаларын талқылауға арналған.

Естеріңізге сала кетейік, жасыл қаржыны дамыту — «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамытудың басты бағыттарының бірі. АХҚО жасыл қаржы орталығы қолданыстағы табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендету, энергия тиімділігін арттыру, климаттың өзгеру салдарын жеңілдету және климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі жобалармен айналысатын компанияларға жасыл облигацияларды (green bonds) шығару үшін бірыңғай алаң қалыптастырады.

(www.aifc.kz материалы бойынша)

Бөлісу