Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Менің ЭКО-ІЗІМ» эко-марафоны аясында фотосуреттер мен суреттер байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Алматыдағы ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросы, «ECOJER» қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы және ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық ұлттық федерациясы «Менің ЭКО-ізім» республикалық жастар эко-марафоны шеңберінде фотосуреттер мен суреттер байқауының басталғаны туралы жариялайды.

Байқау үш номинация бойынша өтеді:

  • «Жақсыны жасай отыра, жоймаңыз» номинациясында ғаламшардың табиғи ресурстарын сақтаудың маңыздылығы, экологиялық проблемаларды шешу қажеттілігі және тиімді тұтыну қағидаттарын сақтау туралы сызбалар қабылданады.
  • «Біз өмір сүріп жатқан әлем» номинациясында табиғаттың бірегей және ерекше құбылыстарының, Қазақстанның таңғажайып жерлерінің мобильді фотосуреттері, сондай-ақ биоалуантүрлілікті және табиғаттың бастапқы сұлулығын сақтаудың маңыздылығы туралы фотосуреттер қабылданады.
  • «Түс маңызды» номинациясында қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу қажеттілігі туралы, сондай-ақ жеке алынған отбасы немесе ел шеңберінде қалдықтарды қысқартудың маңыздылығы туралы кәсіби қойылымдық фотосуреттер қабылданады. Фотосуреттерді әртүрлі тақырыптарды қолдана отырып, тақырыптық сюжетпен біріктіруге болады.

Үздік суреттер мен жұмыстар Алматыдағы билбордтар мен аялдама павильондарын безендіреді! Үздік жұмыстардың авторлары сыйлықтармен марапатталады.

Байқау 12−35 жас аралығындағы барлық ниет білдірушілер үшін ашық (жас санаттары: 12−16 жас, 17−25 жас, 26−35 жас). Байқауға қатысу тегін. Өтінімдерді қабылдау: 2020 жылғы 16 қыркүйектен 15 қазанға дейін жүргізіледі.

Толығырақ ақпарат алу үшін: http://ru.unesco.kz/competition-of-photographs-and-drawings-within-the-framework-of-the-republican-ecological

Бөлісу